«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дубай мойындаған дарындар

Диас Аяған

 esla9015@gmail.com

Ел намысын халықаралық байқау­ларда қорғап жүрген “Sensitive” би театры Қазақстанның қоржынын тағы бір жүлдемен толтықтырды. Өнер ұжымы Дубайда өткен “DANCE-FEST DUBAI” халықаралық фести­валь-байқауына қатысып, алты елден жиналған 200-ден астам өнерпаздың ішінен жылпы байқауда үздік деп таны­лып, бас бәйгені еншіледі. Би театры бұл байқауға “Искусство в дви­жении” халықаралық шығармашы­лық жобасының ұйымдастырушы­ла­ры­ның арнайы шақыртуымен бар­ған екен.

Аталған сайыста “Sensitive”-тің аға буын бишілері мен “Есту қабі­леті нашар балаларға арналған облыстық (арнайы) түзету мектеп-интернатының” оқушылары өнер көрсетті.

Араб түбегіндегі тартысты бәсе­кеде бишілер дайындаған Е.Кузь­мин мен Е.Воропаеваның “Танго”, “Самба” қойылымдары “Дуэт” ата­лымында 1 орынға лайық деп та­нылды. Ал Д.Қанғожиннің “Спойлер” хореографиялық қойылымы “Соло” аталымында 1 орынға ие болды.

Жерлестеріміздің өнеріне тәнті бол­ған қазылар алқасы “Sensitive” би театры мен оның көркемдік же­текшісі Ольга Ростовщиковаға ар­найы сыйлық табыстады. Сонымен қатар еліміздің БАӘ-дегі бас консулы Жұмабек Рауан би театрын арнайы жүлдемен және естелік дип­ломмен марапаттады.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp