«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Негізсіз тексермек болыпты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүс­тік Қазақстан облысы бойынша департаменті республикалық тәжірибені талдау аясында шағын және орта бизнес өкілдерін негізсіз тексеру фактісінің алдын алды.

Облыс аудандарының және Пет­ропавл қаласының білім бөлімдері жекеменшік балабақшалармен жа­са­ған шарттарға тексеру іс-шараларын жүргізу құқығын бере­тін тармақты енгізген.

Қазір облыста 18 жекеменшік мек­тепке дейінгі ұйым жұмыс істей­ді. Кәсіпкерлер мен білім бөлімдері мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында қызмет көрсету шарттарын жасасқан.

“Тапсырыс берушілер Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі нормаларының талаптарына, сон­дай-ақ 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын-орта бизнес нысанда­рын тексеруге мораторий жария­ланғанына қарамастан бақылау және қадағалау органдарының функ­цияларын өздеріне жүктеген”, – делінген ведомство таратқан хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті және облыстық білім басқармасының басшылығы кездесіп, нәтижесінде заңды бұзатын тар­мақты шарттардан алып тастау ту­ралы шешім қабылдады.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp