«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Патриоттық диктант

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста “Еркін елдің ұрпа­ғы” атты жалпыұлттық пат­риоттық диктанты өтті. Шараға колледж ұстаздары мен қызметкерлері, студенттер қатысты.

Жалпыұлттық патриоттық дик­тант­ты жазудың басты мақсаты – ел тәуелсіздігі мен егемендігінің жетіс­тіктерін дәріптеу, өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу. Об­лыстық білім басқармасының мәліметінше, биылғы диктантқа 1500 студент пен 300 педагог қатысуға ниет білдірді.

– Диктант – сауатты жазу дағды­ларын қалыптастыратын маңызды сын. Бұл шараға қатысқан әрбір студент өзінің қаншалықты сауатты екенін біле алады. Сондықтан болар жалпыұлттық шара жоғары маңызға ие, – дейді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Әсел Оразбаева.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp