«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоқысты жағу — қауіпті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәуір айының басынан бері өңір ормандарында 8 өрт болып, от 31,8 гектар аумаққа жайылды. Бұл тура­лы облыстық төтенше жағдайлар жө­ніндегі департамент бастығының орынбасары Дмитрий Растихин айтты.

“Тұрғындардың дені үй маңын­да, әсіресе желді күні қоқысты жағу аса қауіпті екенін түсіне бермейді. Мәселен Мағжан Жұмабаев ауда­нын­дағы Бәйтерек ауылында өрт болды. Сол күні жел­дің екпіні секундына 28 метрге жетті. Салдарынан тұрғын үй, жазғы ас үй, 2 гараж, отын қора, монша, ВАЗ-2106 жеңіл көлігі және Урал мото­циклі жанып кетті. Үй иесі қорада тұрған шошқа мен 20 үй қоянын шы­ғарып үлгермеген. Өрт жайпаған ау­мақ 278 шаршы метрді құрады”, – деді ол.

Осы аудандағы Сарытомар ауы­лында да өрт оқиғасы орын алды. Үй иесі тұрмыстық қалдықтарды жаққан. Ұшқын қораға түскен, қатты желден ол жайылып, баспана мен қора-қопсы, 4 ірі қара мал, 3 қой және 25 тауық жа­нып кетті.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp