“Цифрлық полицей” жобасы аясында полиция қызметкерлері жаңа үлгідегі бейнетіркегіштермен жарақтандырылуда. Бүгінгі таңда облысымыздың тәртіп сақшыларында “Samsung” маркалы осындай 260 құрылғы бар. Олардың ескі жүйелерге қарағанда жадының көбірек болуы, тез қуатталуы сияқты бірқатар артықшылықтары бар. Патрульдік полиция батальондары мен Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жаңа бейнетіркегіштермен 100 пайыз қамтылған. Жазба кезекшіліктің барлық уақытында жүргізіледі, үздіксіз жұмыс істеуі үшін “Power bank” қуаттау құрылғылары пайдаланылады.
Кезекшіліктегі қызметкердің “бейнежетонына” кез келген минутта жедел басқару орталығы мен бөлімше басшылары, тіпті облыстық полиция департаментінің бастығы қосыла алады. Сондай-ақ патрульдік полиция қызметінің автокөліктері барлық бағытта жазба жүргізетін бейнекешендермен жабдықталған, ал микрофоны бар камералар патрульдік автомобиль салонында болып жатқан оқиғаларды тіркейді.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.