«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Мамыр 10, 2023

Ақсақалдар кеңесі құрылды

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанынан ақсақалдар кеңесі құрылды.Кеңестің құрамына жергілікті қоғамдастықтың, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тартылған. Оның төрағасы болып Ескендір Елеусізов тағайындалды. Орынбасары болып Жангелді Тәжин, мүшелігіне Николай Авдеев, Зулейха Бикметова, Шыңғыс Құрбанов, Светлана Малхасян, Сәуле Тахметова сайланды. Қай-қайсысының болсын өмірлік те, басқарушылық та тәжірибелері мол, ең бастысы, ассамблея жұмысының қыр-сырын жақсы біледі. …

Ақсақалдар кеңесі құрылды Read More »

Жер заңнамасындағы өзгерістер өзекті

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабына сәйкес, 44-баптың 1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сауда-саттыққа (аукциондарға) шығарылатын мемлекеттік жер учаскесіне құқық беру белгіленген тәртіп бойынша жүргiзiледi. Ол тәртіпке жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтінішті қарауға қабылдау, сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлу негізінде мәлімделген нысанның мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді …

Жер заңнамасындағы өзгерістер өзекті Read More »

Қызыл жалын шарпыған үйлердің тұрғындарына өтемақы беріледі

7 мамыр күні Петропавлдың “Береке” шағынауданында өрт шығып, қызыл жалын тұрғын үйлерді шарпыды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 18:57-де Петропавлдағы Сенная көшесіндегі қураған қамыс жанып жатқаны жөнінде хабар түскен. Желдің екпіні сол күні секундына 20-23 метрге дейін жеткендіктен, өрт 4-ші қауіпсіздік деңгейінде деп бағаланды. – Қатты желдің салдарынан әрі күн ыстық болғандықтан …

Қызыл жалын шарпыған үйлердің тұрғындарына өтемақы беріледі Read More »

МЫҢ ТАҒЗЫМ САҒАН, МАЙДАНГЕР!

Жеңіс күніне орай өңір басшысы Айдарбек Сапаров қалада тұрып жатқан соғыс ардагерлері – Қожатай Некібаев пен Иван Клименконың үйлеріне арнайы барып, мерекемен құттықтады. Жыл сайын қатары сиреп бара жатқан майдангерлердің бүгінде жетеуінің көзі тірі. Мерекеге орай қарт жауынгерлермен жүздескен облыс әкімі олардың ел басына күн туған сәтте халыққа қорған болғандарын айтты. – Сіздерді Жеңіс күнімен …

МЫҢ ТАҒЗЫМ САҒАН, МАЙДАНГЕР! Read More »

Бабалар рухына бас иді

7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай облыс орталығындағы Ағынтай мен Қарасай батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Аталған шараға өңір басшысы Айдарбек Сапаров пен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мамандары, әскери сала ардагерлері мен жастар қатысты. Салтанатты шара қатысушылары ескерткішке лек-легімен келіп, гүл қойып, тағзым етті. Шын мәнінде бұл жандар тек ескерткішке айналған …

Бабалар рухына бас иді Read More »

ҚАРЖЫНЫ ТИІМДІ БАСҚАРУДЫ ҮЙРЕТПЕК

Берешегі барға береке бітпейді. Бүгінгі таңда елімізде несиенің шырмауынан шыға алмай жүргендер өте көп. Сол себепті халықтың қаржылық сауатының артқаны аса маңызды. Оның тиімді жолы –қаржылық сауаттылықты арттыратын курстарға қатысу. Бұндай білім ауыл, аудан тұрғындары үшін аса қажет. Осы ретте облысымызда “AMANAT” партиясы “Halyk Bank”-пен бірлесіп жүзеге асыруды көздеп отырған “Қарызсыз қоғам” жобасы бойынша оқыту …

ҚАРЖЫНЫ ТИІМДІ БАСҚАРУДЫ ҮЙРЕТПЕК Read More »

Ажалдан арашалап қалды

Мағжан Жұмабаев аудан­дық пробация қызметінің ма­маны Ғалымжан Байбусин мемлекеттік награда­мен марапатталды. Оған Мем­лекет басшысының Жарлы­ғы­мен “Ер­лігі үшін” медалі та­бысталды. Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қыз­метінің мәліметінше, әділет аға лей­тенанты күнделікті профилак­ти­ка­лық әңгіме жүргізу үшін шарт­ты түрде сот­талғандардың біріне хабарласқан. Алайда ер адам телефон қоңы­рауына жауап бер­мепті. Оның жүрген жерін біліп отыру үшін тағылған электронды құрал …

Ажалдан арашалап қалды Read More »

Жаңа үлгідегі бейнетіркегіштер

“Цифрлық полицей” жобасы аясында по­лиция қызметкерлері жаңа үлгідегі бейнетіркегіштермен жарақтандырылуда. Бүгінгі таңда облысы­мыздың тәртіп сақшыларында “Samsung” маркалы осындай 260 құрылғы бар. Олардың ескі жүйелерге қарағанда жадының көбірек болуы, тез қуатталуы сияқты бірқатар артықшылықтары бар. Пат­рульдік полиция батальондары мен Петропавл қалалық полиция басқар­масының қызметкерлері жаңа бейне­тіркегіштермен 100 пайыз қамтылған. Жазба кезекшіліктің бар­лық уақытында жүргізіледі, үздіксіз жұмыс …

Жаңа үлгідегі бейнетіркегіштер Read More »

КӨРЕР ЖАРЫҒЫ БАР ЕКЕН

Петропавлда “Жедел жәрдем” қызметкерлері жаңа туған нәрестені өлім аузынан аман алып қалды. Облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығының дирек­торы Юрий Белоногтың айтуынша, 103 нөміріне 19-шы шағынау­данда “Нива” көлігінде әйелдің бо­санғандығы туралы хабар түседі. Оқиға орнына фельдшер Алек­сандр Рема мен “Жедел жәрдем” кө­лігінің жүргізушісі Амангелді Тұр­ғым­баев жеткен. Нәрестенің кіндігі мойнына оралып қалыпты. Фельдшер шақалақты құт­қаруға кіріседі. …

КӨРЕР ЖАРЫҒЫ БАР ЕКЕН Read More »

Азияның қос алтыны

Армрестлингтен Дубайда өткен Азия чемпионатында екі бірдей сол­түстікқазақстандық спортшы жеңімп­аз атанды. Азия біріншілігі жасөспі­рімдер және ересектер арасында ұйымдастырылды. Ел намысын қос бұрымдымыз қорғады. Юлия Разу­мо­вич пен Виктория Савченко чем­пион атанды. Қос спортшы да Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ставрополка ауылындағы орта мек­тепте оқиды. Юлия Разумович үшін бұл алғашқы үлкен жеңісі болса, Виктория Савченко Азияда жетінші мәрте …

Азияның қос алтыны Read More »

Сырт алаңда сүрінді

Футболдан ел біріншілігінің сегізінші турында “Қызылжар” командасы қарағандылық “Шахтерға” қарсы ойын өткізді. Сырт алаңдағы кездесу жерлестеріміз үшін сәтсіз болды. Бұл ойынға дейін солтүстікқа­зақстандықтар “Каспиймен”, ал қарағандылықтар “Оқжетпес” командасы­мен тең түскен болатын. Сон­дық­тан қос клубқа да жеңіс қажет еді. Кездесудің бірінші минут­та­рынан бастап, алаң иелері ша­буылдауға кірісті. Алайда соққыла­ры қақпадан қиыс кетіп жатты. Матч­тың бел ортасында …

Сырт алаңда сүрінді Read More »

Балуандарымыз бабында

Жылдағы дәстүр бойынша қазақ күресінен “Қазақстан барысы” республикалық жарысының өңірлік іріктеу кезеңі саналатын “Қызылжар барысы” турнирі ұйымдастырылды. Петропавл қаласы мен аудандардан жиналған 29 балуан өзара мықтыны анықтады. Бозкілемге беттеген спортшыларды және қызықты белдесулерді тамашалауға жиналған жанкүйерлерді өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың атынан аппарат басшысы Олжас Ыдырысов құттықтап, балуандарға сәттілік тіледі. “Қызылжар барысы” турнирі осымен 11-ші мәрте …

Балуандарымыз бабында Read More »

ОТАН ҮШІН ОТҚА ТҮСКЕНДЕР

Кез келген ұлттың ғасырлар бойы тарихи оқиғалар мен өмір салты негізінде қанына сіңген айрықша қасиеттері болады. Данышпан Абай атамыз айтқандай, бір ел кәсіпке, бір ел саудаға, енді бірі дінді ұстауға берік. Ал қазақ халқының атын әлемге танытар қандай қыры бар? Ежелден есімі жарты әлемге жайылған ержүрек бабаларымыздың ерлік істеріне қарап, ұлтымыздың ұстыны бойындағы батырлығы десек …

ОТАН ҮШІН ОТҚА ТҮСКЕНДЕР Read More »

АР ТАЗАЛЫҒЫ – ЖАН БАЙЛЫҒЫ

Соңғы уақытта адамның рухани дүниесі, ұлттық ой-сана, адами қа­сиеттер, азаматтық ар жайлы жиі ай­тылып, баспасөз бетінде талқыла­нып жүргені белгілі. Өкінішке қарай, заман ағысы мен қоғамның бета­лысы солай болып бара ма, бүгінгі адамдар арасында әйтеуір баю жолын іздеп, шарқ ұрып, бетпер­де­лерін сыпырып тастап, неше түрлі құйтырқы істерге барып жүрген пы­сықай адамдардың пейі­лін, жан-дүниесінің ұстанымын түсі­ну қиын …

АР ТАЗАЛЫҒЫ – ЖАН БАЙЛЫҒЫ Read More »

Адал еңбек

Халқымызда “Еңбек етсең емер­сің” деген тамаша сөз бар. Өз басым адал еңбектің адамды абырой биі­гіне жеткізетініне күн сайын куә бо­лудамын. Ата-анам бала кезімде ерінбей еңбек етудің маңызды екенін жиі айтатын. Мен облыс орталығындағы “Прогресс” тігін фабрикасының техно­логымын. 1986 жылы Семей жеңіл өнеркәсіп техникумын бітірісі­мен, Петропавлдағы сол кезде “Комсомолка” деп аталған тігін фабрика­сына жұмысқа орналастым. Сол …

Адал еңбек Read More »

Қара қазанның қасиеті

Марқұм Қалима әжей көреген кісі еді. Жетпіс жеті жылға шақталған ғұмырында халқымыздың дәстүрі мен салтына қиянат жасаған кезі жоқ. Ұл-қыздары мен немерелеріне де бар білгенін үйретіп бақты, оларды ата-бабаларымыз салып кеткен сара жолдан адастырмауға тырысты. Біз ол кісімен көрші тұрдық. Ол кезде ойын баласымыз. Үйдегі ас үйге қажетті ыдыс-аяқтарды есік ал­дындағы алаңқайға шығарып, жай­қалып өсіп …

Қара қазанның қасиеті Read More »

Қаз атқан тәртіп сақшылары

“Сапсан” жедел тобы мен облыс­тық аумақтық инспекциясының қыз­меткерлері бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Ақ­қайың ауданындағы Шағалатеңіз кө­лінің жағасында жабайы қаздарды рұқ­сат құжаттарынсыз аулағаны үшін Петропавл қаласының төрт тұрғынын ұстады. Заңды бұзғандардың қатарында полиция қызметкері де бар. Олардан заңсыз атылған 31 жабайы қаз, 2 моторлы қайық пен 12 ка­либрлі, тегіс ұңғылы 3 мылтық тәр­кіленді. Алдын ала …

Қаз атқан тәртіп сақшылары Read More »