«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ҚАРЖЫНЫ ТИІМДІ БАСҚАРУДЫ ҮЙРЕТПЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Берешегі барға береке бітпейді. Бүгінгі таңда елімізде несиенің шырмауынан шыға алмай жүргендер өте көп. Сол себепті халықтың қаржылық сауатының артқаны аса маңызды. Оның тиімді жолы –қаржылық сауаттылықты арттыратын курстарға қатысу. Бұндай білім ауыл, аудан тұрғындары үшін аса қажет.

Осы ретте облысымызда “AMANAT” партиясы “Halyk Bank”-пен бірлесіп жүзеге асыруды көздеп отырған “Қарызсыз қоғам” жобасы бойынша оқыту басталды. Жыл соңына дейін он мыңға жуық ауыл тұрғыны өз қаржысын сауатты басқаруды үйренеді.⠀

Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жоба аясында несие бойынша қарыздары, мерзімі өтіп кеткен берешектері бар ауыл тұрғындары білім алып жатыр. Сондай-ақ жобаның шарттарын мемлекеттен жеңілдікпен кредит алғысы келетін, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер де пайдалана алады. Оқыту бағдарламасына сәйкес қаржылық жоспарлау және бюджетті басқару бойынша кеңес беріледі.

Оқыту тегін, ол осы жылдың соңына дейін жалғасады. Мамыр айында Аққайың, Есіл, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Қызылжар және Мамлют аудандарында дәрістер өтеді. Болашақта жобаға басқа аудандар қосылады. Бес күнге шақталған тренингтерде әр топта 30-дан 50-ге дейін адам оқиды.

– Көпшілік несиені тез өтеп тастаймыз деген сеніммен алады. Алайда қарыз жинақтала келе адамды тығырыққа тірейді. Біздің мақсатымыз – азаматтарды өз қаржысын тиімді басқаруға және шығындарын жоспарлауға үйрету. Жоба оларға қарыз жүктемесін қалай жеңілдетуге болатыны туралы тәжірибелік кеңестер алуға көмектеседі. Сонымен қатар азаматтар қаржылық қиындықтардың қалай қалыптасатынын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтауға болатынын біле алады, – деді “AMANAT” партиясы облыстық филиалының төрайымы Әсем Рахметова.

“Қарызсыз қоғам” жобасы қазіргі уақытта еліміздің 8 өңірі– Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында жүзеге асырылуда. Бағдарламаны толық қаржыландыруды “Halyk Bank” өз мойнына алды. Оқу барысында борышкерлерге тегін заңгерлік көмек көрсету де жоспарланып отыр.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“AMANAT” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp