«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сырт алаңда сүрінді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Футболдан ел біріншілігінің сегізінші турында “Қызылжар” командасы қарағандылық “Шахтерға” қарсы ойын өткізді. Сырт алаңдағы кездесу жерлестеріміз үшін сәтсіз болды.

Бұл ойынға дейін солтүстікқа­зақстандықтар “Каспиймен”, ал қарағандылықтар “Оқжетпес” командасы­мен тең түскен болатын. Сон­дық­тан қос клубқа да жеңіс қажет еді. Кездесудің бірінші минут­та­рынан бастап, алаң иелері ша­буылдауға кірісті. Алайда соққыла­ры қақпадан қиыс кетіп жатты. Матч­тың бел ортасында жерлестеріміз үшін алға шығатын бірнеше мүм­кіндік болды. Бірақ қырағы қақпашы есеп аштырмады.

Екінші тайм басталысымен қызылжарлықтар қарсылас қақпасына бірнеше соққы жасады. Өкінішке қар­ай, нәтиже өзгеріссіз қалды. Ал 61-ші минутта “Қызылжар” аяқдоп­шысы ереже бұзып, ойыннан қуылды. Айып добын тепкен Темур Чогадзе тоғыздықты дәл көздеді. 1:0 есебі матч соңына дейін өзгермей, “Шах­тер” қажетті үш ұпайды еншіледі.

Жеңіліске ұшырағанына қарамастан “Қызылжар” турнир кесте­сінде көш бастап тұр, жерлесте­рімізді “Астана” өкшелеп келеді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp