«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Күлпәш” — үздік фильм

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Осыдан 3 ай бұрын ақ­қайыңдар өлкесінде кезекті тарихи көркем фильм түсі­рілді. Бейімбет Майлиннің “Күлпәш” шығармасына не­гізделген туынды жа­қында халықаралық “Томирис” кинофестивалінде үздік деп танылды.

Туындыны кәсіби мамандар емес, Қазақ ұлттық өнер универ­ситетінің “Кино және теледидар” факультетінің студенттері түсірді. Түсірілім 10 күнге созылған. Бірақ осы тақырыпта фильм түсіру екі жыл бұрын ойластырылыпты. Фильмнің қоюшы-режиссері – Ас­танада білім алып жатқан жерле­сіміз Ернат Сәбитов. Бұл – оның киноиндустрия саласындағы тырнақалды туындысы.

– Еңбегіміз зая кетпейтініне сендік. Орын алатынымызды біл­дік. Бірақ бас жүлде бұйы­рады деп ойламадық. Киноны Қы­зылжар ауданы Архангелское ауы­лында түсірдік. Себебі бұл елді мекенде көне үйлер көп. Қаржылай қиындықтар болды. Ауыл тұрғындары қолдады. Жата­тын жерімізді тегін берді, – дейді Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Ернат Сәбитов

Фильм қос аталымда топ жар­ды. Германия мен Түркия елінің қазылары оператордың да жұмы­сын жоғары бағалаған. Сол үшін туындыға “Болат Сулеев атында­ғы арнайы марапат” та беріліпті. Ернат Сәбитовтің жоспары ау­қымды. Енді “Күлпәш” фильмін “Байқоңыр” фестиваліне ұсын­бақшы.

Жас режиссер болашақта заманауи кино түсіруге ниеттеніп отыр. Ке­лесі фильмі мектептегі буллинг жайлы болады. Алғашқы туынды­сын өз қаржысына түсірген талант енді демеуші іздемек. Бұл фильм де біздің өңірімізде түсірілуі мүмкін. Осы арқылы Ернат Сәбитов аққайың­дар өлкесіндегі киноиндустрияны дамытуға үлес қосқысы келеді.

Алдияр АЙТПАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp