«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Күрделі жөндеуге жабылады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласындағы ма­ман­дандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы уақыт­ша жабылады. 15 ма­мырдан бастап, көлікті тіркеу бо­йынша мемлекеттік қызметтер Мұхтар Әуе­зов көшесі, 157 мекен­жайында көрсетіледі.

“Береке” шағынауданында ор­наласқан мамандандырылған ХҚКО-ның ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Көлік құралдарын тіркеу бойынша қызметтер, жүргізуші куәліктерін ауыстыру, жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханның теориялық және прак­тикалық бөлігіне өтініш беру Әуезов көшесі, 157 мекенжайында орналас­қан №1 ХҚКО-да қабыл­данады. Да­йын құжаттарды беру және практика­лық бөлігін тапсыру маманданды­рылған халыққа қызмет көрсету ор­талығы маңындағы авто­дромда жү­зеге асырылмақ.

Тұрғындардан арнайы ХҚКО ғимаратын күрде­лі жөндеуге байланысты уа­қытша кел­ті­рілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Барлық сұрақтар бойынша +7 (7152) 55-10-21 телефон нөміріне ха­барласуға болады.

Анар ҚҰСАНОВА,

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp