«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлі түрде тартып алынған жер учаскесі қайтарылды. Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Есіл ауданының әкімдігі Петровка ауылының тұрғындарын жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерден ауданы 290 гектар жер учаскесін алып қою туралы қаулы шығарған. Мұндай шешім шығаруға 2022 жылдың соңында жайылымдар мен шабындық алқаптардың жетіспеушілігі мәселесі қаралған ауылдық округ тұрғындары жиынының хаттамасы негіз болыпты. Алайда “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңның нормаларына сәйкес, жер учаскелерін алып қою немесе жер учаскесін жалға алу мерзімдерін тоқтату туралы мәселелер жергілікті қоғамдастықтың жиындарында шешілмейді. Кәсіпкер өз құқығын қорғау үшін облыстық кәсіпкерлер палатасына жүгініп, олар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті мамандарымен бірлесе отырып, сот органдарына талап арыз дайындау бойынша консультативтік көмек көрсетті.

Есіл ауданының әкімдігі облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі шыққанға дейін алдын ала әрекет етіп, жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы қаулының күшін жойды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp