«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мұржа құрылысы қарқынды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда №2 жылу-электр орталығы мұржасының іргетасы қаланып жатыр. Негізгі бөлігі – темір қаңқасы жасалып бітуге жақын.

“Севказэнерго” АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, мердігер ұйым түрлі өлшемдегі 200 жақтауды орнатты.

“Іргетасын орнату үшін шамамен 156 тонна металл пайдаланылды. Бүкіл құрылым жаңадан салынып жатыр. Яғни жаңа мұржа бой көтереді. Жақын арада іргетастың металл қаңқасы толығымен бетонмен бекітіледі, оны үздіксіз құю жоспарланған”, – дейді “Севказэнерго” АҚ-ның баспасөз хатшысы Лилия Шерина.

Мамандардың айтуынша, мұржаның жалпы ұзындығы 180 метрді құрайды. Құрылыс жұмыстарын жергілікті “Строй центр Арсенал” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарып жатыр. Ол айдың соңына дейін іргетасын толық дайындауы керек, ал маусым айының басынан “Қазтеплоспецстрой” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылжымалы қалыптарды монтаждауды және мұржаны салуды бастайды.

Петропавлдағы №2 жылу-электр орталығында алдымен жартылай құлап, кейін толық бұзылған мұржаның орнына жаңасының құрылысы биыл сәуір айында басталған еді. Жұмысшылар құрылыс аймағына инженерлік коммуникация тартты, дренаж жүйесін орнатып, іргетасын қалау үшін қазаншұңқыр дайындады. Нәтижесінде шұңқырдан 4,5 мың текше метр топырақ шығарылды. Биыл темірбетон қаңқасын толығымен салу жоспарланған. Ал мұржа тек келесі жылдың жазында іске қосылады.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp