«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПАРА АЛҒАН ӘКІМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Есіл ауданы Спасовка ауылдық округінің әкіміне қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық іс бойынша тағы екі адам жазаға тартылды.

Петропавл қалалық соты Есіл ауданы Спасовка ауылдық округінің әкімін 130 мың теңге кө­лемінде пара алғаны үшін кінәлі деп таныды.

“Жолдаяқов “InvestComEnergy” ЖШС-ның бас инженерінен қосым­ша келісім­дер жасау кезінде, Спа­совка мен Тауа­ғаш ауылында көше жарығын орна­ту және ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұ­мыс­тарға ақы төлеу­де көрсеткен кө­мегі үшін 130 мың теңге көлемінде пара алған. Осы­лай­ша сыбайлас жемқорлық қыл­мыс жасады”, – де­лінген облыстық сот­тың хабарлама­сында.

Өзінің тікелей міндетін орын­да­ған аппарат қызметкері Байманова мердігер ұйым өкілінен екі шартқа қосымша келісімдер жасағаны үшін 50 мың теңге заңсыз сыйақы алған.

Прокурор барлығына 2,5 жыл­дан 4 жылға дейінгі мерзімге бас бос­тандығынан айыру жазасын тағайын­дауды сұрады. Бұл жазаны олар қылмыстық атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде өтеп, сон­дай-ақ тиісті органдарда қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылу­лары тиіс.

Айыпталушы Жолдаяқов кінәсін мойындамады және ақтауды сұра­ды, Байманова кінәсін ішінара ғана мойындап, ақтауды және айыппұл тағайындауды, ал пара беруші Құрманғожин кінәсін мойындап, жазаны же­ңілдетуді өтінді.

Сотталушылардың кінәсі куәгер­лердің айғақтарымен және қылмыстық іс материалдарымен толық дә­лелденді. Әкімнің кішкентай балала­рының бо­луы қылмыстық жауапкер­шілік пен жазаны жеңілдететін жайт­тар деп танылды.

Сот үкімімен оған қылмыстық ат­қару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 1 жыл 10 ай жазасын өтеу, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы­на айыру түріндегі жаза тағайындалды. Жолдаяқов сот залында қамауға алынды.

Қалған екеуі – пара беруші Құр­манғожинге 4 млн. 788 мың теңге, ал әкім аппаратының бұрынғы қызметкері Баймановаға 2 млн. 600 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Олар бұл соманы сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде төлеулері тиіс. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp