«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Күй дүлдүлі – Құрманғазы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақ топырағынан әлемді аузына қаратқан көптеген атақты тұлғалар, дара дүл-дүлдер шыққан. Елді өзінің өз­геше өнерімен тәнті қылған жа­сампаз күйшілердің бірі – Құр­манғазы Сағырбайұлы. Ол қа­зақ халқының аспапты музыка өнерінің классигі.

Биыл ардақты тұлғаның туғаны­на 200 жыл толады. Осыған орай Ға­бит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапха­насында “Құрманғазы және ұлы дала сазы” атты кеш өтті. Онда жи­налғандарға күй дүлдүлінің “Жігер”, “Көбік шашқан”, “Кішкентай”, “Ақбай” сияқты күйлерінің шығу тарихы ту­ралы жан-жақты айтылып, “Айжан-ай”, “Айда бұлбұл, “Алатау”, “Аман­дасар”, “Бас Ақжелең”, “Демалыс”, “Лаушкен”, “Ойбай, балам”, “Саран­жап”, “Теріс қақпай”, “Ұзақ Ақжелең” күйлерінің ерекшеліктері сөз болды.

Құрманғазының асқақ рухы бір ғана музыка саласына сиятын құбы­лыс емес. Мұндай тегеурінді дарын­ның болмысы біртұтас ұлттың руха­ни байлығы бола алады. Құрманғазы өзінің қайталанбас өне­рімен ғана емес, өмірімен де туған халқының тарихында, сол бір алмағайып ала-сапыран кезеңнің өкілі ретінде қалды.

Мағжан Жұмабаев атындағы жо­ғары колледж студенттері ұлы күй­шінің өміріне терең бойлады. Шара қонағы – Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әртісі Нариман Се­рікұлы Құрманғазының шығармалары әлемдік деңгейдегі және маңызы зор нағыз классикалық музыка екенін айтты. Кейін ол “Адай”, “Ақсақ киік” күйлерін нақы­шы­на келтіріп орындап берді.

Дамира ЖҮСІПОВА,

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жанындағы өнер бөлімінің меңгерушісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp