Сот үкімімен заңсыз бизнесті қамқорлығына алған қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы сотталды. Ол 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицей сапаны растайтын тиісті құжаттары жоқ акцизделетін өнімді заңсыз өткізуді жүзеге асырғаны үшін жалпы сомасы 500 мың теңгеден астам пара алған. Осылайша департамент мамандары мың блок темекі және 5 мың литр алкоголь өнімін заңсыз өткізудің жолын кесті.
Сотталған полиция майоры арнаулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.