«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бар бақыттың бастауы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда “Отбасы – бақыт­тың кепілі” атты фестиваль өтті. Ал­ғаш рет ұйымдастырылып отырған іс-шара облыстық әкімдік жанында­ғы әйелдер ісі және отбасылық-де­мографиялық саясат жөніндегі ко­миссия мен Қазақстан халқы об­лыстық ассамблеясының бастама­сы­мен ұйымдастырылды. Фести­вальге Петропавл қаласынан 13 от­ба­сы қатысты.

Отба­сылар 7 кезең бойынша сынға түсті. Олар ән айтты, білімде­рін көрсетті, барлығы бірге сурет са­лып, мака­роннан әшекей жасады, спорттық ойындарға да қатысты”, – дейді ұйымдастырушылардың бірі Елена Семидоцких.

Қатысушылардың барлығы Ал­ғыс хаттармен марапатталды.

“Болашақта бұл фестивальді жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр­­мыз. Отбасы – бар бақыт­тың мекені. Дүние есігін ашқан әрбір сәби ананың мейірімін, әкенің қам­қорлығын сезінуі тиіс. Біз ұл мен қыз тәрбиелеп отырған ерлі-зайыпты­ларға бірге жиі серуендеудің, кітап­ханалар мен мәдениет орындарына барудың шаңырақтың шаттығын асыру үшін қажет екенін түсіндірдік”, – деді Елена Семидоцких.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp