Петропавлда “Отбасы – бақыттың кепілі” атты фестиваль өтті. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған іс-шара облыстық әкімдік жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылды. Фестивальге Петропавл қаласынан 13 отбасы қатысты.
Отбасылар 7 кезең бойынша сынға түсті. Олар ән айтты, білімдерін көрсетті, барлығы бірге сурет салып, макароннан әшекей жасады, спорттық ойындарға да қатысты”, – дейді ұйымдастырушылардың бірі Елена Семидоцких.
Қатысушылардың барлығы Алғыс хаттармен марапатталды.
“Болашақта бұл фестивальді жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз. Отбасы – бар бақыттың мекені. Дүние есігін ашқан әрбір сәби ананың мейірімін, әкенің қамқорлығын сезінуі тиіс. Біз ұл мен қыз тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптыларға бірге жиі серуендеудің, кітапханалар мен мәдениет орындарына барудың шаңырақтың шаттығын асыру үшін қажет екенін түсіндірдік”, – деді Елена Семидоцких.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.