«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ет те, сүт те арзан

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында апта сайынғы дәстүрлі жәрмеңкелер жалғасуда. Аудан шаруалары қала тұрғындарына жергілікті азық-түлік өнімдерін арзан бағада ұсынуда. “Алтын арман” базарындағы кезекті жәрмеңке де әдеттегідей ұзын-сонар кезекпен басталды.

Тұрғындардың айтуынша, азық-түлікті осындай жәрмеңкеден алған анағұрлым тиімді, өйткені арзан, та­биғи таза әрі сапалы. Бүгінде қаладағы ағайынға азық-түлікпен қамдану үшін жылына бірнеше рет өте­тін жәрмеңкелерді күтудің қажеті жоқ. Әр апта сайын не керектің бәрі жеткізіледі. Сауда қыста да бір тоқтаған жоқ.

Мұндай шаралардан тауар өндіру­шілердің де ұтары көп. Олар өз өнімін арзанға сатып ұтылмайды. Керісінше, осындай жәрмеңке арқылы тұтынушылармен тікелей сауда жасайды. Шаруалардың жәрмеңкеде күтіп тұратын тұрақты сатып алушылары да бар.

– Облыс орталығына құс, сиыр етін, жұмыртқа, сүт өнімдерін әкел­дік. Мұнда айыртаулық сүт өнім­деріне сұраныстың жоғары екенін байқадық. Өйткені сапасы жоғары, бағасы арзан. Мәселен, ірімшіктің келісін қалалықтар дүкеннен 950 теңгеге алса, бізден 800-ге сатып ала алады. Оның көбін өзіміздің тұ­рақты тұтынушыларымыз алып кете­ді, – дейді Айыртау ауданынан келген сатушы Наталья Войтенко.

Мұндағы сөрелерге ілінген баға нарықтағыдан 15-20 пайызға төмен. Сон­дықтан да қала тұрғындары көбірек алып қалуға тырысады. Жәрмеңкедегі сиыр етінің келісі – 2100, жылқынікі 2700 теңгеден саты­лып жатты. Жалпы бұл күні жәр­меңке “Алтын арманнан” бөлек “Да­рия”, “Қызылжар Ақбастау” базарларында да ұйымдастырылды. Онда Шал ақын, Қызылжар, Тайынша, Мағ­жан Жұмабаев, Аққайың және Айыртау аудандарының тауар өндірушілері бір күн ішінде 6,5 млн. теңгеге сауда жасады.

– Азық-түлікті осындай жәрмең­ке­лерден алуға тырысамыз. Өйткені жергілікті өнім табиғи әрі қолжетімді. Қазір қалтамызға сай келер азық-түлікті табу қиындады. Арзан өнімнің сапасы төмен болып жатады. Ал жергілікті шаруалар мен өндірушілер үнемі бізге экологиялық таза тағам түрлерін жеткізіп береді, – дейді қала тұрғыны Гүлзейнеп Мәуленова.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp