Футболдан ел біріншілігінің 9-шы турында жерлестеріміз өз алаңында талдықорғандық “Жетісу” командасын қабылдады. Бұл кездесуде жеңіс “Қызылжар” клубына бұйырды.
Матч басталысымен солтүстікқазақстандық футболшылар қарсылас қақпасын нысанаға алды. Өкінішке қарай, бірінші таймда жерлестеріміз есеп аша алмады. Ойынның екінші бөлімінде талдықорғандықтар қауіпті шабуылдады. Алайда қонақтар да нәтижелі соққы жасай алмады. Кездесудегі жалғыз гол 72-ші минутта соғылды. Оң қапталдан әуелете берілген допқа Максим Чиканчи жетіп, баспен қақпаға дәл бағыттады. Осылайша қызылжарлықтар қажетті үш ұпайды еншіледі.
9-шы турдың нәтижесі бойынша турнир кестесінде “Қызылжар” командасы бірінші орнын сақтап қалды.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.