«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мақсат – жұмыс тиімділігін арттыру

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының жаңа кезеңіндегі басым бағыттардың бірі ретінде мемлекеттік қызметті түбегейлі жаңғырту керек екенін баса айтты. Атал­ған жаңғыртудың негізгі міндеті – адал және ашық жұмыс істейтін тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру. Бүгінде бұл бастама кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Қазір біздің алдымызда бюрократиядан арылу, мемлекеттік қызметке орна­ласу кезінде артық кедергілерді алып тастау, мемлекеттік қызметке жеке сектордан дарынды басқарушылар мен кәсіпқойларды тарту, стратегиялық адами ресурстарды дамыту мақ­саты тұр.

Өткен жылдың желтоқсанында мемлекеттік қызметке орналасу ке­зінде артық кедергілерді жою және мемлекеттік қызметтен босату тәр­тібін оңайлату бойынша қолданыс­тағы заңнамаға өзгерістер енгізілді. Оған сай мемлекеттік білім беру гранты бойынша жоғары оқу орын­дарын жақсы бітірген түлектер бір жыл ішінде кон­курстық іріктеусіз тікелей аудандағы және ауылдық жерлердегі төменгі лауазымдарға тағайындалуға мүм­кіндік алып отыр. Бұл білікті жас­тарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, жас мамандардың аудандар мен ауылдық округтерге оралуына, сондай-ақ өңірлердегі кадр тапшылығының төмендеуіне ықпал етеді әрі мемлекеттік қыз­метке орналасуды жеңілдетеді. Ал мемлекеттік басқару академия­сының түлектері болса, оқуды жақсы аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде агенттіктің келісімімен тікелей конкурстық іріктеусіз “Б” корпусы­ның басшылық лауазымдарына ор­наласа алады.

Заңнамаға енгізілген тағы бір өзгерту, енді жұмысы екі тоқсан ішінде тиімсіз деп танылған мемлекеттік қызметшілердің лауазымда­ры төмендейді, ал бос лауазым болмаған жағдайда жұмыстан кетеді. Бұл тәртіп мемлекеттік қызметтен боса­ту процедурасын айтарлықтай жеңілдетеді.

Сонымен қатар келісімшарттық негіздегі қызметшілер ұғымының енгізілуі де жұмыс тиімділігін арттыра түспек. Олар салалық жобаларды іске асыру үшін бір жылдан аспай­тын уақыт жұмыс істейді. Оған қа­тысты нақты ережелер мен тала­птар Үкіметтің тиісті қаулысымен белгіленеді.

Жаңа заңнама мамандар арасындағы ротациялық қызметті де реттеуге бағытталған. Қолданыс­тағы заңнамаға сәйкес өзге өңірге ротацияланатын қызметшіге уақытша тұрғын үй берілуі тиіс. Алайда қызметтік пәтерлердің жетіспеу­шілігіне байланысты басқа елдіме­кенге барған қызметкерлер тұрғын үйді өз қаражатына жалға алуға мәжбүр. Бұл көптеген адамның ро­тациядан бас тартуына әкеліп соқтыруда. Ротациялық төлемді енгізу осы олқылықтардың орнын тол­тыруға бағытталған.

Бүгінде түрлі салаларда қашық­тан жұмыс істеу кең етек алғаны белгілі. Бұл мемлекеттік қызмет саласын да айналып өткен жоқ. Енгізілген өзгерістерде бұл мә­селе де ескерілген. Жуырда мемлекеттік қызметте қашықтан жұмыс істеу қағидаларын айқындау және икемді жұмыс кестесін реттеу жөніндегі өкілеттіктер агенттікке берілді.

Мемлекеттік басқару акаде­миясына оқуға түскен мемлекеттік органның қызметкерлері оқудан кейін міндетті түрде осы органда еңбек етуі тиіс деген талап алынып тасталды. Бірақ академия түлегінің мемлекеттік қызметте үш жыл жұмыс істеуі туралы талап сақтала­ды.

Бұдан басқа, заңнамаға мемлекеттік органдарда жұмыс кестесінің сақталуын бақылауды жүзеге асы­руға қатысты түзетулер енгізілді. “Қазақстан Республикасының мем­лекеттік қызметі туралы” заңда агенттіктің құзыреті ретінде мемле­кеттік органдарда жұмыс кестесінің сақталуын бақылау функциясы бекітілген, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 89-бабы толықтырылған, оған сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытының нормасын заңсыз асырғаны үшін лауазымды адамдарға әкімшілік жаза қолдану қарастырылған. Бұл – мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі заңнамаға енгізілген өзге­рістер мен толықтырулардың қысқаша реттілігі.

Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру мақсатында агенттік мемлекеттік қызметтің неғұрлым тиімді моделіне көшу жөніндегі кешенді жұмысты алдағы уақытта да жалғастыратын болады.

Асқар БАЙМҰҚАНОВ,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp