«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Парақор полицей жеті жылға сотталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сот үкімімен заңсыз бизнесті қамқорлығына алған қалалық поли­ция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы сот­талды. Ол 7 жылға бас бостандығы­нан айыру жазасына кесілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық депар­та­менті баспасөз қызметінің мәлі­ме­тінше, полицей сапаны растай­тын тиісті құжаттары жоқ акцизде­летін өнімді заңсыз өткізуді жүзеге асыр­ға­ны үшін жалпы сомасы 500 мың теңгеден астам пара алған. Осылайша департамент маманда­ры мың блок­ темекі және 5 мың литр алко­голь өнімін заңсыз өткізудің жолын кесті.

Сотталған полиция майоры ар­наулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp