«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Су айдындарын тазартты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде “Таза су айдындары” акциясы жүріп жатыр. Су ай­дын­дарын қоқыстан тазарту арқылы халықты қоршаған ор­таны күтіп ұстауға баулымақ. Бір айдан бері табиғат жана­шыр­лары өзен-көлдерді жағалап, тұрмыстық қалдықтарды жинап жатыр. Осы жолғы игілікті іске 60 белсенді қатысты. Олар Есіл өзенінің Қарғалы аралындағы тұсын қоқыстан тазартты.

– Осыған дейін Сергеев су қой­ма­сы және Пестрое көлінің маңын жи­надық. Барлығы 8 тоннадан ас­там қоқыс шығарылды. 58 техника жұ­мылдырылып, 150-ден ас­там адам атсалысты. Жалпы біздің өңірде 300-ден астам су айдынын жалға алған 154 адам бар. Олар да осы науқанға қатысып жатыр, – дейді Есіл об­лысаралық бассейндік балық ша­руашылығы инспекциясының бас ма­маны Амангелді Қажығалиев.

Акцияның белсенді қатысушысы – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 3-ші курс студенті Қымбат Хайкенова қорша­ған ортаға қамқорлықпен қарап, та­залық ша­расын жиі ұйымдастырып отыру қа­жеттігін айтады. Ең басты­сы, табиғат аясы­на шыққанда қоқыс қалдырмау керек. Себебі табиғатты қорғау – бар­ша азаматтың парызы. “Таза су ай­дын­дары” акциясы мау­сым айына де­йін жалғаспақ.

Самал ЖҮНІСОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp