«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОРДЫҢ ШАРАПАТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Қазақстан халқына” қорының де­меушілігімен өңіріміздегі ерекше бі­лім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған тағы бір мектеп-интер­нат заманауи қондырғылармен жа­рақ­тандырылды. Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы Ломоносов ар­найы (түзету) мектеп-интернатының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қордан 13 млн. теңге бө­лініпті. Қазіргі уақытта мектепте 58 бала тәлім-тәрбие алады, оларға 33 ұстаз білім береді.

Ломоносов арнайы (түзету) мек­теп-интернатының директоры На­талья Ахмадуллинаның айтуынша, қоғамдық қор бөлген қаржыға ұстахана, математика, әлеуметтік-тұр­мыстық бағдарлау кабинеттері жабдық­талыпты. Балалар жаңа әрі заманауи дүниелерді қолдана отырып, дағ­дыларын жетілдіреді.

Елімізде арнайы мектептерге қар­жы жеткілікті бөлінбейді. Осы ретте “Қазақстан халқына” қоры бұл мәсе­леге зор көңіл бөліп отыр. Бұл қаржы­лық қолдаудың нәтижесінде оқу және түзету-дамыту жабдықтары жаңала­нады және ерекше білім беру қажет­тіліктері бар балаларды дамыту мен әлеуметтендіру үшін қолайлы жағ­дай жасауға мүмкіндік береді

Аталған қор біздің өңірде ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала­лар­ға арналған жеті арнайы мектепті жабдықтайды. Осыған дейін есту ке­містігі бар балаларға арналған об­лыс­тық арнайы (түзету) мектеп-интернатының материалдық-техникалық базасын жаңартқан еді. Алдағы уа­қытта даму мүмкіндігі шектеулі ба­лаларға арналған Чкалов арнайы (тү­зету) мектеп-интернаты, Соколов ар­найы мектеп-интернаты, №1 арнайы түзету мектеп-интернаты, №2 ар­найы түзету мектеп-интернаты және Шөптікөл арнайы мектеп-интернаты жабдықталады.

Жалпы “Қазақстан халқына” қо­ры екі жыл ішінде арнаулы мектеп­тердің материалдық-техникалық ба­за­сын нығайтуды көздеп отыр. Бі­рін­ші кезең бойынша жабдықта­латын 32 арнайы мектепті жарақтан­дыруға 2 млрд. 764 млн. теңге бө­лі­неді.

Гүлден СИМБАЕВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp