«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жүксалғыштағы бес қап есірткі болып шықты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Күдіктілерді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері құрықтады.

“Петропавл – Астана” автожо­лында тәртіп сақшылары “Volks­wa­gen Passat” автокөлігінің жүргізуші­сінен тоқтауды талап етті. Алай­да жүр­гізуші полицейлердің заң­ды талабын елемей, жасырынбақ бо­лады. Көп ұзамай жедел уәкілдер ав­токөлікті Аққайың ауданындағы Астра­ханка ауылының маңында тоқ­татты. Көлік ішінде 29 бен 30 жастағы екі петропавлдық отырған. Жасы кі­ші­сі бұрын заңсыз есірткі айналы­мына байланысты қылмысы үшін істі болыпты. Жүксалғыштан өсімдік тектес зат салынған бес қап тәркілен­ді.

Сараптама оның жалпы салмағы 128 килограмм кептірілген марихуа­на екенін көрсетті. Бұл аса ірі мөлшерге жа­та­ды. Кейінірек тінту шаралары ба­ры­сында ұсталғандардың бірінің көлік­­жайынан 300 килограмм марихуана мен 21,3 килограмм га­шиш жасырыл­ған орын анық­тал­ды. Күдіктілер қамауға алын­ды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp