«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Мамыр 17, 2023

ТАЛАПТАРЫ ТАУДАЙ

Оқушылар сарайында 5 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан “Тола­ғай” театрында бүгінде 100-ге жуық ұл-қыз тәлім алуда. Осы уақыт ара­лы­ғында талапты өрендеріміз кө­рер­менді жаңа туындыларымен қуан­тудан жалыққан емес. Әсіресе биыл Қызылжар жұртшылығына қай­та жол тартқан “Бір түп алма ағашы” қойылымына деген елдің ықыласы ерекше болды. Мұнда өрендеріміз тек драмалық шығармаларды сахна­лаумен ғана шектеліп қалмай, ақын-жазушылардың …

ТАЛАПТАРЫ ТАУДАЙ Read More »

Онлайн жұмыс оңтайлы табыс көзі ме?

Бүгінде айналысамын дейтін жанға кәсіптің түр-түрі бар. Тіпті жаңа шыққан кей мамандықтардың атын жаттап үлгермей жатамыз. Еңбек нарығының есігін ашып қалсаңыз, табыс табудың сан жолын көріп, таңдай қағасыз. Өміріміздің әр саласындағы үлкен өзгерістер жаңа мамандарға сұраныс тудыруда. Сол сұранысқа сай келіп жүрген жастар да аз емес. Ұл-қыздардың арасында баяғы­дай дәстүрлі мамандықтардың жа­лы­нан ұстап, бар өмірін …

Онлайн жұмыс оңтайлы табыс көзі ме? Read More »

Шекара шебіндегі ауылдарға ерекше қамқорлық қажет

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен Жамбыл ауданында болып, Ресеймен шекаралас ауылдардың жағдайымен танысты. Өңір басшысымен кездескен Буденное ауылының тұрғындары елді мекендегі өзекті мәселелерді ортаға салды. Олар ауылішілік жолдарды жөндеу қажеттігін айтты. Сондай-ақ тұрғындарды ауызсу, автобус қатынасы, мәдени-демалыс орындарының жоқтығы алаңдатып отыр. Ауылдықтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған өңір басшысы тұрғындарға барлық мәселелер оң шешілетінін жеткізді. …

Шекара шебіндегі ауылдарға ерекше қамқорлық қажет Read More »

Міндетіне салғырт мердігерлер бар

Петропавлда салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысқан облыс әкімі Айдарбек Сапаров іргелес аумақтарды абаттандыру жұмысына да баса назар аударды. Бірқатар мердігердің жұмысына көңілі толмаған өңір басшысы өзіне жүктелген міндетті сапалы орындамаған компаниялармен келісімді бұзу керек екенін атап өтті. Өңір басшысы ең алдымен “Жас өркен” шағынауданындағы Горький көшесінде салынып жатқан үйдің құрылыс алаңында болды. 2021 жылдың …

Міндетіне салғырт мердігерлер бар Read More »

Алаштың жарық жұлдызы

Биыл қазақтың біртуар ұлы Мағжан Жұмабаевтың туғанына – 130 жыл. Есіл ауданында “Қазақтың даңқты перзенті” деген атаумен облыстық конференция өтті. Шараға Есіл ауданының әкімі Медет Оспанов, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Кемел Оспанов, Мағжан Жұмабаев мұражайының директоры Айгүл Жүніспаева қатысты. Конференция алдында Мағжанның туған өлкесінде түсірілген фильмнен үзінді көрсетілді. Қатысушылар сөз алып, Мағжанның ұлтына …

Алаштың жарық жұлдызы Read More »

Тағылымды кездесу

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті қабырғасында ұйымдастырылған кезекті кездесудің қонағы “Astana IT University”-дің ректоры, экономика ғылымдарының докторы Серік Өмірбаев болды. 2016-2019 жылдары Петропавлдағы оқу орнын басқарған Серік Мәуленұлын университет ұжымы мен студенттер ерекше ықыласпен қарсы алды. Кездесуде ғалымның әріптестері мен дос-жарандары жиылып жылы лебіздерімен, естеліктерімен бөлісті. Қарашаңырақты Серік Өмірбаев басқарған 4 жылдағы жұмыстар сөз болып, …

Тағылымды кездесу Read More »

Жауапкершіліктің жүгі ауыр

Қазақстан Республикасының заң нормаларымен рәсімделген мемлекеттік қызмет жүйесі қоғамның тыныс-тіршілігін, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін тиімді тәсілдермен жүзеге асыруда ерекше рөл атқарады. Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде атқармағаны үшін азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Тәртіптік жауапкершілікті реттеу, алдын алу, тәрбиелік, жазалау, қалпына келтіру функциялары түрлі …

Жауапкершіліктің жүгі ауыр Read More »

Он екі айға төлем жасау тиімді

Былтыр қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында бір жылға алдын ала төлем жасау арқылы он мыңға жуық адам “сақтандырылған” деген мәртебе алды. Ал 2023 жылдың төрт айында он алты мыңнан астам қазақстандық бір жылға алдын ала төлем жасады. МӘМС жүйесінде “сақтан­дырылмаған” азаматтар, сондай-ақ жүйеге бір де бір рет төлем жасамаған немесе оны жүйесіз жүр­гізген дербес төлеушілердің барлығы бұл …

Он екі айға төлем жасау тиімді Read More »

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ДАНА ҚЫЗЫ

“Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде Айғаным Сарғалдаққызының 240 жылдығына арналған жылжымалы көрме ашылды. “Айғаным – сары дала қызы” деген атаумен өткен көрменің мақсаты – өңір тұрғындары мен қонақтарын Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи­этнографиялық музейінің экспонаттарымен таныстыру. Көрменің ашылуына “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешені­нің директоры Аян Садаев, Шоқан Уәлиханов атындағы Сырымбет та­рихи-этнографиялық музейінің ди­рек­торы, Уәлихан Құлбаев, облыс­тық …

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ДАНА ҚЫЗЫ Read More »

Мағжанның картинасы

Облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі құнды жәдігерлердің бірі – қазақстандық суретші, кескіндемеші, көп­теген монументалды өнер туындыларының авторы Анатолий Бургаев салған Мағжан Жұмабаевтың картина­сы. Автор аталмыш туындыны ақынның туғанына жүз жыл толуына орай салып, 1993 жылы музей қорына өт­кізген. Картинаға қарағанда италия­лық суретші Леонардо до Винчи­дің: “Сурет – көзбен көретін поэ­зия, поэзия – құлақпен еститін су­рет!” – деген …

Мағжанның картинасы Read More »

Бұрымды боксшылар

Петропавлда тұңғыш рет еліміздің бұрымды боксшылары бас қосты. Балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиа­да­лық резервтегі “Жеңіс” спорт мектебінде бокстан VI жазғы спар­та­киада өтуде. Республикалық додаға 17 команда қатысып жатыр. Спорт мектебінде жарыстың ашылу салтанаты өтіп, өңір басшы­сының атынан әкімдік аппаратының жетекшісі Олжас Ыдырысов сөз алды. Ол облыс әкімінің құттық­тауын жеткізіп, спортшыларға сәтті­лік тіледі. Биылғы бәсекеге 100-ге …

Бұрымды боксшылар Read More »

Тәрбие – тал бесіктен

Ата Заңымызға сәй­кес, балаға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың міндеті болып табылады. Басқа да тиісті заңнамада ата-ананың бала алдындағы міндеттері мен құқықтары тасқа қашал­ғандай етіп жазылған. Егер ата-ана кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, оқыту және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамаса, онда әкімшілік жауапкершілікке тарты­лады. Үстіміздегі жылдың алғашқы 3 айында облыстық кәмелетке толма­ғандардың істері жөніндегі мамандан­дырылған ауданаралық …

Тәрбие – тал бесіктен Read More »

ОҢАЙ ОЛЖА ОПЫҚ ЖЕГІЗДІ

Жыл басынан бері облысы­мыз­да оннан астам адам интер­нетте “жылдам табыс табуды” уәде еткен алаяқтардың құрбаны бол­ды. Солардың бірі – 21 жастағы Пет­ропавл қаласының тұрғыны. Ол “YouTube” бейнехостингінде жал­ған жарнамалар кездесетінін білмеген. Ірі “мұнай компанияла­ры­ның бірінің биржада ақша табуға уәде береміз” деген бейнероли­гіне сеніп қалады. Алаяқтар оған “биржалық қосымшаны” жүктеу үшін “WhatsApp” мессенджері ар­қылы сілтеме жіберген. …

ОҢАЙ ОЛЖА ОПЫҚ ЖЕГІЗДІ Read More »

Жүксалғыштағы бес қап есірткі болып шықты

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Күдіктілерді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері құрықтады. “Петропавл – Астана” автожо­лында тәртіп сақшылары “Volks­wa­gen Passat” автокөлігінің жүргізуші­сінен тоқтауды талап етті. Алай­да жүр­гізуші полицейлердің заң­ды талабын елемей, жасырынбақ бо­лады. Көп ұзамай жедел уәкілдер ав­токөлікті Аққайың ауданындағы Астра­ханка ауылының маңында тоқ­татты. Көлік ішінде 29 бен 30 …

Жүксалғыштағы бес қап есірткі болып шықты Read More »

ТРАКТОР ТІЗГІНДЕГЕН ӘЖЕ

Тайынша ауданының тұрғыны Қазиза Кеңесбаева биыл 80 жасқа толды. Ол – 26 жыл бойы трактор тізгіндеп, еңбексүй­гіштігі мен жауапкершілігінің арқасында абырой-құрметке бөленген жан. Еңбек ардагерімен болған әңгімемізді назарларыңызға ұсынып отырмыз. – Қазиза Қожанқызы, трак­тор­шы ерлерге тән мамандық қой. Сіз бұл кәсіпке қалай кел­діңіз? – Мен Тайынша ауданындағы Теңдік ауылының тумасымын. Әке­ден жастай қалдық, шешеміз бес …

ТРАКТОР ТІЗГІНДЕГЕН ӘЖЕ Read More »