«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мағжанның картинасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі құнды жәдігерлердің бірі – қазақстандық суретші, кескіндемеші, көп­теген монументалды өнер туындыларының авторы Анатолий Бургаев салған Мағжан Жұмабаевтың картина­сы. Автор аталмыш туындыны ақынның туғанына жүз жыл толуына орай салып, 1993 жылы музей қорына өт­кізген.

Картинаға қарағанда италия­лық суретші Леонардо до Винчи­дің: “Сурет – көзбен көретін поэ­зия, поэзия – құлақпен еститін су­рет!” – деген сөзі ойға оралады. Неге десеңіз, картина жыр пайғам­барының бітім-болмысын, өр тұлғасын, ішкі жан дүниесін паш етіп тұрғандай.

Анатолий Николаевич 1939 жыл­дың 13 мамырында Свердлов облысының Тавда қаласында дү­ниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғыс басталған 1941 жылы Петро­павл­ға қоныс аударыпты. 1963 жылы М. Горький атындағы Омбы мемлекеттік педагогикалық инсти­тутының көркемсурет және графи­ка факультетін бітірген суретшінің шығармашылық жолы Қазақ­стан­мен тығыз байланысты. Ол жиырма жыл бойы Қазақстан Су­ретшілер одағының облыстық фи­лиалын басқарды, түрлі көрме­лер ұйымдастырды. Өнер иесінің қылқаламынан туған туындылар бүгінде мемлекеттік бейнелеу өне­рі мұражайында сақтаулы.

Музей сөресіндегі Мағжан Жұ­мабаевтың картинасы бүгінде мәде­ниет ордасына келушілер ерекше қызығушылықпен тамашалайтын жәдігерге айналған.

“Өнерде шекара жоқ қой. Су­ретші ақиық ақынды айнытпай салған. Қазақтың ардақты перзен­тінің жанарындағы от мені бей-жай қалдырмады”, – дейді көрер­мендердің бірі Айгүл Мұратәлиева.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp