«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Он екі айға төлем жасау тиімді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Былтыр қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында бір жылға алдын ала төлем жасау арқылы он мыңға жуық адам “сақтандырылған” деген мәртебе алды. Ал 2023 жылдың төрт айында он алты мыңнан астам қазақстандық бір жылға алдын ала төлем жасады. МӘМС жүйесінде “сақтан­дырылмаған” азаматтар, сондай-ақ жүйеге бір де бір рет төлем жасамаған немесе оны жүйесіз жүр­гізген дербес төлеушілердің барлығы бұл мүмкіндікті қалт жібермеуге тырысады.

Жарналарды 12 айға алдын ала төлеудің жаңа тетігі өткен жылдың 5 қыркүйегінен іске қосыл­ды. “Міндетті әлеуметтік медици­налық сақтандыру туралы” Заңға сәйкес, “сақтандырылған” мәр­тебесін алғысы келетін азаматтың соңғы немесе алдағы 12 айға төлемі болуы тиіс.

Қазір елімізде 16,4 млн. адам медициналық сақтандыру жүйе­сімен қамтылған. Ал қалғанда­рында “сақтандырылған” мәртебесі жоқ. Себебі олардың көбі тұрақсыз төлеушілер. Бұл азаматтар бір жылға “алдын ала сақтандырыл­ған” мәртебесін ала алады.

– Он екі айға төлемді дұрыс жа­саған азаматтарға үш күннің ішінде “сақтандырылған” мәртебесі бері­ле­ді. Қорға “Мәртебем қашан іске қосылады? Мен бір жылға толық тө­леп шықтым ғой”, – деп хабарласа­тын азаматтар аз емес. Мән-жайды тексергенде олардың шатасып не­месе қате төлем жасағаны анықта­лады. Сол себепті төлем жасамас бұрын барлығын нақтылап алған жөн, – дейді Әлеуметтік медици­налық сақтандыру қоры жанындағы жеке және заңды тұлғалармен жұ­мыс жөніндегі департаменттің ди­ректоры Забира Оразалиева.

Дербес төлеушілер төлем жа­са­ған кезде әртүрлі қате жібереді. Оларды мысал арқылы түсіндірге­ні­міз жөн болар. Қазір мамыр айы. 12 айға алдын ала төлем жасаған кезде 2023 жылдың мамыры мен 2024 жылдың сәуіріне дейін дербес төлеуші ретінде жеке-жеке 3500 теңгеден төлеп шығу керек.

– Азаматтар 12 айға төлем жа­сағанда көп қателеседі. Біреулер бір жылға бір төлеммен төлеп тас­тайды. Енді біреулер осы жыл­дың қаңтарынан желтоқсанға дейін не­ме­се үстіміздегі айдан жыл соңына дейін төлеп шығады да “сақтанды­рылған” мәртебесі беріл­меді деп ха­барласады. Басқа мер­зімге шата­сып төлеп қойған аза­маттар ақша­сын қайтарып ала ала­ды. Ол үшін “Азаматтарға арналған үкімет” мем­лекеттік корпорация­сына өтініш жазып, түбіртектерді қоса тапсыру қажет, – дейді Забира Оразалиева.

Тағы бір ескеретін жайт, егер ай­дың аяқталуына шамалы күндер қал­са немесе осы айда медицина­лық көмекке жүгінуді жоспарлама­саңыз, келесі айдан бастап төлем жа­саған жөн. Яғни 2023 жылдың маусым айынан 2024 жылдың ма­мыр айына дейін төлей аласыз. Па­циент бір жыл бойы “сақтандырыл­ған” болады.

МӘМС жарналарын екінші дең­гейдегі кез келген банктердің мо­бильді қосымшалары, тө­лем терминалдары және “Қазпош­та” АҚ-ның филиалдары арқылы тө­леуге болады. Электронды үкімет­тің “egov.kz” сайтындағы “Денсау­лық сақтау” бөлімінде “Міндетті әлеу­меттік медициналық сақтан­ды­ру жүйесіне медициналық көрсе­тіле­тін қызметті тұтынушы ретінде қа­тысу туралы және аударымдар­дың немесе жарналардың ауда­рыл­ған сомалары туралы ақпарат ұсыну” мемлекеттік қызметі арқылы ме­дициналық сақтандыру жүйе­сіндегі өз мәртебеңізді тексеруге, жүргі­зілген төлемдер туралы ақпа­рат алуға болады.

Қарлығаш ІЛИЯСОВА,

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp