«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тәрбие – тал бесіктен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ата Заңымызға сәй­кес, балаға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың міндеті болып табылады. Басқа да тиісті заңнамада ата-ананың бала алдындағы міндеттері мен құқықтары тасқа қашал­ғандай етіп жазылған. Егер ата-ана кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, оқыту және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамаса, онда әкімшілік жауапкершілікке тарты­лады.

Үстіміздегі жылдың алғашқы 3 айында облыстық кәмелетке толма­ғандардың істері жөніндегі мамандан­дырылған ауданаралық сотында Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша 16 іс қаралды. Бұл бапқа сәйкес, ата-ана­ның немесе заңды өкілінің кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндет­терді орындамағаны үшін айыппұл қарастырылған. Сонымен қатар кә­мелетке толмағанның алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін – 3, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс же­рде жүргендерге қатысты үш әкімш­ілік іс қаралды.

Сондай-ақ ата-аналардың әре­кетінде әкімшілік құқық бұзушылық­тың болмауына байланысты істі қыс­қарту туралы 4 қаулы шығарылды. Судьялар құқық бұзушылықтың ал­дын алу, іс жүргізу нормаларының бұзылуына жол бермеу мақсатында ювеналды полиция қызметкерлеріне төрт жеке қаулы шығарды.

Әлия ҚҰРТАЕВА,

облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің бас маманы – сот отырысының хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp