«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ДАНА ҚЫЗЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде Айғаным Сарғалдаққызының 240 жылдығына арналған жылжымалы көрме ашылды. “Айғаным – сары дала қызы” деген атаумен өткен көрменің мақсаты – өңір тұрғындары мен қонақтарын Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи­этнографиялық музейінің экспонаттарымен таныстыру.

Көрменің ашылуына “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешені­нің директоры Аян Садаев, Шоқан Уәлиханов атындағы Сырымбет та­рихи-этнографиялық музейінің ди­рек­торы, Уәлихан Құлбаев, облыс­тық аналар кеңесінің төрайымы Кү­лім­көз Смайылова, еңбек ардагерлері және мектеп оқушылары қа­тысты.

Айғаным Сарғалдаққызы жайлы сөз қозғасақ, бірден ғұлама ғалым Шоқанның әжесі екені еске оралады. Немересі Шоқан Уә­лихановтың тәрбиесімен ғана айналасып қоймай, Уәли хан қайтыс болғаннан кейін қоғамдық-саяси үдерістерге белсене араласып, ел басқару жұмы­сымен де шұғылданған.

Көрмеге ел анасының өмірінен сыр шертер жәдігерлер қойылды. Олардың арасында Уәлихановтар отбасының фотосуреттері, Ш.Уәлихановтың сандығы, Шыңғыс Уәлиұлының алтын жіппен кестеленген белбеуі, Шоқанның інісі Мақының сүйектен жасалған сандығы, Айғаным ханым­ның қамзолы, XIX ғасырдағы жауын­гер сауыты, аңшы мылтығы, ай­балта және тағы басқа көне дү­ниелер бар.

Көрме барысында жиналған қауым дәстүрлі әнші Біржан Есжан­ның орындауында Кәкімбек Салы­қовтың “Аққан жұлдыз” әнін тыңдап, “Мәңгілік би” ансамблінің “Қара жорға” биін тамашалады. Шара соңында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешені мен Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық музейі әріптестік жөнінде меморандумға қол қойды.

Мақпал ЕРҒАЛИЕВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp