15-18 мамыр аралығында облыс полицейлері “Мал ұрлаушы” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Мобильдік топтардың құрамына криминалдық және әкімшілік полиция, ветеринария басқармасының қызметкерлері кірді. Төрт күн ішінде олар мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын 411 автокөлікті тексерді. Ветеринария саласында 28 құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ мал мен ет өнімдерін сату орындары, шаруа қожалықтары, елді мекендерден алыс орналасқан мал қамайтын орындар мен фермалар тексерілді.
Бұдан бөлек іс-шара аясында бұрын жасалған бес мал ұрлығы әшкере болды. Іс-шара шеңберінде Аққайың ауданында 46 жастағы ауыл тұрғынының үйіне жапсарлас салынған қора-қопсыдан полицейлер 16 калибрлі “ИЖ-58” маркалы тіркелмеген мылтықты тәркіледі.
Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.