«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Түрмеге тоғытылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық полиция бас­қармасында жыл басынан бері шарт­ты түрде мерзімінен бұрын босату ережелерін бұзған 12 адам бас бос­тандығынан айыру орындарына қай­тарылды. Олар белгіленген шектеу­лерді бірнеше мәрте бұзған, ішімдік ішкен және қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алған.

Өткен жылдың тамыз айында шартты түрде мерзімінен бұрын бо­сатылған 39 жастағы петропавлдық осындай заң бұзушылықтарға жол бер­ген. Бұл дерек облыста өткен “Есепте тұрған” республикалық же­дел-алдын алу іс-шарасы барысында анықталды. Енді ол алдағы бір жылын түрмеде өткізеді.

– Аталмыш іс-шара шеңберінде барлық санаттағы есепте тұрған­дар­ды тексеру күшейтілді. 468 адам тек­серілді, оның 103-і – шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар. Әкімшілік қадаға­лауға жататын 11 адамның тарапынан өрескел заң бұзушылықтар анық­талды. Олар бұрын ауыр қылмыс жа­сағандары үшін жазасын өтегендер, – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин.

Зарина ЕЛУБАЕВА,

Петропавл қалалық полиция басқармасының аға инспекторы, полицияның аға лейтенанты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp