«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Мамыр 22, 2023

БАҚЫЛАУ БОЛМАСА, САПА АҚСАЙДЫ

Жол саласы – еліміздегі өзек­ті тақырыптардың бірі. Жөндеу көр­меген жолдар­дың азабын жолау­шылар тартады. Соңғы жылдары осы мәселенің түйіні тарқатыла бастағандай. Мем­лекет тарапынан қомақты қаржы бөлініп жатыр. Бұ­ның барлығы – халықтың әлеуетін жақсарту үшін жасалып жатқан шара. Десек те жөн­делген, жаңадан салынған жолдар­дың сапасы сын көтермей жататы­ны шындық. Оның алдын алу үшін жол құрылысының техникалық ахуалын …

БАҚЫЛАУ БОЛМАСА, САПА АҚСАЙДЫ Read More »

Медициналық көмектен бас тарта алмайды

Қазіргі таңда әлеуметтік желілер­де және бұқаралық ақпарат құрал­дарында медициналық сақтандыру қоры көрсетілген медициналық қыз­меттер үшін төлем жасамайтындығы туралы ақпарат таралуда. Бұл мә­лімдемелер шындыққа жанаспайды. Қор төлемдердің барлығын жасалған шарттар сомасы шегінде толық кө­лемде жүзеге асырады. Медициналық ұйымдар мен олар­дың бірлесіп орындаушылары шарт талаптарына сәйкес келмейтін тө­лем­ді талап етеді. Сол себепті төлем­ге ұсынылған сома шартта көзделген …

Медициналық көмектен бас тарта алмайды Read More »

Батаның төресі — “Бақытты бол!”

Дана халқымызда “батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер” деген аталы сөз бар. Әрине, істеген ісіңе, жағымды қылығыңа орай аузы дуалы үлкендердің батасын алған бір ғанибет екендігі даусыз. Алайда сол батаны бере білетін адамның аздығы жанды ауыртады. Мен түрлі мәдени шараларға жиі барамын. Ағайын-туыстың той-томалақтарынан қалмауға тырыса­мын. Қуаныш иелері “жасыңыз сек­сеннен асқан ақсақалсыз ғой, ақ ті­легіңізді …

Батаның төресі — “Бақытты бол!” Read More »

ШАЛҒАЙ АУДАНДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМАЛАР

Егемен еліміздің болашақтағы жарқын жолын айқындай отырып, биік белестерге жетелейтін жаңа Қазақстанды құруға атсалысу – бәріміздің басты мұратымыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында: “Адал еңбек, озық білім және үздік тәжірибе әрдайым жоғары бағаланады. Мен жаңа Қазақстанның осындай ел болғанын қалаймын. Мақсатқа жету үшін мемлекеттік аппаратты жаңарту немесе кадрлық ауыс-түйіс жасау жеткіліксіз. Өзгерісті әрқайсысымыз өзімізден бастауымыз …

ШАЛҒАЙ АУДАНДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМАЛАР Read More »

Өңірімізде ат жарысы маусымы ашылды

Бәйге десе делебесі қозып, арқаланып шыға келетін ұлтпыз. Қазіргі уақытта жұртшылықтың жүйріктер жарысына деген ықыласы ерекше. Бұған өңірде өтетін аламан бәйгелерге жиылатын қалың жұртшылық дәлел. Жанкүйерлердің қолдауы мен қиқуы шабандоздарға да жігер беріп, алға бастайды. Ұлттық спортымыздың бүгінге дейін сақталып келе жатқанынына халқымыздың осы қасиеті себеп шығар, бәлкім. Жылдағы дәстүрге сай Қызылжар ауданындағы “Құлагер” ипподромында …

Өңірімізде ат жарысы маусымы ашылды Read More »

ЭКСПОРТҚА ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚ КЕДЕРГІ

Облыстық әкімдікте өңірлік сараптамалық кеңестің отырысы өтті. Өңірдің экспорттық әлеуетін дамыту жайы талқыланған жиынға облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев төрағалық етіп, оған Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, “QazTrade” сауда саясатын дамыту орталығы”, “KazakhExport” сараптамалық сақтандыру компаниясы” АҚ-ның, экспорттаушы кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының маңызды міндеті – дайын өнімді әлемдік нарыққа шығару. Бүгінгі …

ЭКСПОРТҚА ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚ КЕДЕРГІ Read More »

САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ СЕНІМІ МАҢЫЗДЫ

“AMANAT” партиясының орталық аппаратында өткен жиында облыс бойынша сайлауалды бағдарламаны жүзеге асырудың Жол карталарының жобаларын тыңдау өтті. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Бубенко, Парламент Мәжілісінің депутаттары Еркебұлан Мәмбетов, Дмитрий Колода, облыстық экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов қатысты. Жиын барысында “AMANAT” партиясы өңірлік филиалының төрайымы Әсем Рахметова жүзеге асырылатын жұмыс …

САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ СЕНІМІ МАҢЫЗДЫ Read More »

МЕЙІРІМДІ ЖАНДАРДЫҢ МЕРЕЙЛІ ІСІ

Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде “Қоғамға қызмет” жобасы аясында баскетболдан қайырымдылық шоу-матчы өтті. Жергілікті “Senim” оңалту орталығын қолдауға бағытталған спорттық сайыста мектеп оқушыларының командасына жергілікті мемлекеттік орган басшыларының, мәслихат депутаттарының, спортшылар мен қоғам белсенділерінің құрамасы қарсы шығып, әдемі ойын өрнегін көрсетті. Білім ордасының директоры Да­нияр Уәлиев бұл іс-шараның басты мақсаты сал ауруына шалдыққан ба­лаларға көмек …

МЕЙІРІМДІ ЖАНДАРДЫҢ МЕРЕЙЛІ ІСІ Read More »

Жеңімпаздар – ұлттық құрамада

Петропавлда VI республикалық жазғы спартакиада аясын­дағы бокс турнирі мәресіне жет­ті. Бұрымдылар 12 салмақ дәре­жесі бойынша өзара мықтыны анықтады. “Жеңіс” балалар мен жасөпі­рімдерге арналған олимпиадалық резервтегі спорт мектебінде елі­міз­дің үздік боксшы қыздары қолғап түйіс­тірді. Ақтық сынға шыққандар Азия ойындарының жолдамасын сарапқа салды. – Спартакиадаға еліміздің 19 өңі­­рі­нен 100-ге тарта боксшы қатысты. Әрқайсысының мақсаты – ұлттық құрама …

Жеңімпаздар – ұлттық құрамада Read More »

Тартысты матч

Футболдан ел біріншілігінің 10-шы тур ойынын “Қызылжар” клубы сырт алаңда өткізді. Бұл жолы жер­лестерімізге “Астана” командасы қарсылас атанды. Ойын тізгінін астаналықтар ал­ғанымен, жерлестеріміз қар­сы шабуылдар ұйымдастырды. Бірінші болып есепті “Астана” аяқдопшылары ашты. Алғашқы гол­дың авторы – Вараздат Ароян. Кейін алаң иелері нәтижені еселеді. Бұл голды Абат Айымбетов соқты. Ойынның екінші бөлігінде жер­лес­теріміз есеп айырмасын қысқарт­ты. …

Тартысты матч Read More »

Қылмысты жасырмақ болған

Өңірде ауыр сыбайлас жем­қорлық қылмысын жасырды де­ген күдікпен экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері, астаналық адво­каттар алқасының мүшесі ұсталды. Қаржы­лық мониторингі агенттігінің Солтүс­тік Қазақстан облысы бойынша эко­номикалық тергеу департаментінің мәліметінше, ведомствоның бұрын­ғы қызметкеріне Петропавл ауыр ма­шина жасау зауытының лауазымды қызметкерінің 45 млн. теңге көлемін­де пара алғанын біле отырып, бұл фак­тіні азаматтық-құқықтық мәміле деп жасыруға тырысты деген …

Қылмысты жасырмақ болған Read More »

Жануарларға жанашыр

Өңірде жануарларға жауапкерші­лікпен қарау заңын жүзеге асыру ая­сында биыл қаңғырған ит-мысықты аулауға, уақытша ұстауға, екпе егуге және зарарсыздандыруға 53,4 млн. теңге бөлінді. Облыстық ветерина­рия басқармасының мәліметінше, ха­лық­тың әлеуметтік осал топтары үй жан­уарларын бюджет есебінен тегін чиптей алады. Өңірде 10 сәуірден бастап иесіз жануарларды стерилизациялау жұ­мыстары басталды. Бүгінгі күні 43 ит, 3 мысық ауланып, оларға чип …

Жануарларға жанашыр Read More »

Түрмеге тоғытылды

Петропавл қалалық полиция бас­қармасында жыл басынан бері шарт­ты түрде мерзімінен бұрын босату ережелерін бұзған 12 адам бас бос­тандығынан айыру орындарына қай­тарылды. Олар белгіленген шектеу­лерді бірнеше мәрте бұзған, ішімдік ішкен және қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алған. Өткен жылдың тамыз айында шартты түрде мерзімінен бұрын бо­сатылған 39 жастағы петропавлдық осындай заң бұзушылықтарға жол бер­ген. Бұл дерек облыста …

Түрмеге тоғытылды Read More »

Оқушының өлі денесі қазаншұңқырдан табылды

Жамбыл ауданында үйден шығып кеткен 8-сынып оқушысының денесі табылды. 19 мамыр күні аудан­дық полиция бөліміне Жаңажол ауылының тұрғынынан 14 жастағы жиенінің таңертең үйден белгісіз ба­ғытта кетіп қалғаны туралы хабар­лама түскен. Полиция бөлімінің қызметкер­ле­рі құқық қорғау органдары маман­да­­рынан, педагогтар мен жергілікті тұр­ғындардан құралған іздеу топ­тарын ұйымдастырды. “Іздестіру іс-шаралары ауыл маңында автокө­лік­пен және атпен жүргізілді. 20 мамыр …

Оқушының өлі денесі қазаншұңқырдан табылды Read More »

Таулы өлкеде тоғысқан тағдырлар

1988 жылдан бастап Әзірбай­жан­ның Таулы Қарабақ аймағында орын алған шиеленіске біздің еліміз­ден бітімгерлік мақсатпен 2500-ден астам жас аттанған екен. Бүгінде олар Таулы Қарабақ ардагер­лері мен мүгедектерінің республика­лық одағына біріккен. Аталған одақтың жұмысы мүмкіндігі шектеулі арда­герлердің әлеуметтік жағдайын жақ­сартып, патриоттық шараларды ұйымдастыруға бағытталған. Жуыр­да ұйым басшылары өңірімізге ке­ліп, республикалық бірлестіктің облыстық филиалының ашылғанын жа­риялады. Ағынтай мен …

Таулы өлкеде тоғысқан тағдырлар Read More »

Еліміздің үздік тауары

Облыстық кәсіпкерлер па­ла­­та­сы “Қазақстанның үздік тауары” және “Алтын сапа” байқауларына қатысушылар­дың өтінімін қабылдауды бастады. “Қазақстанның үздік тауары” кө­рме-байқауы мен “Алтын сапа” сый­лығына шағын кәсіпкерлер де, ірі кә­сіпорындар да үміткер бола алады. Оған қатысқы­сы келетіндер үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін өтініш беріп үлгерулері тиіс. “Қазақстанның үздік тауары” бай­қауының негізгі мақсаты – Қазақстан нарығын жоғары сапалы және …

Еліміздің үздік тауары Read More »

САУДАДА САҚТЫҚ ҚАЖЕТ

Өңірлік коммуникациялар қызметінден өткен баспасөз мәслихатын­да сауда қызметін реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері қозғалды. Тақырыпты облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас­шысы Қымбат Бейсенов тарқатты. Мамандар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға­сы­на тұрақты түрде мониторинг жүр­гі­зіп тұрады. Үстіміздегі жылдың төрт айында департаментке 190 өті­ніш келіп түскен. Талдау кезінде тұ­тынушылардың құқықтары бөлшек саудада (43,1%) …

САУДАДА САҚТЫҚ ҚАЖЕТ Read More »

Дала жұмыстары қарқын алды

Өңірлік коммуникациялар қызметін­де өткен кезекті брифингте көктемгі дала жұмыстарының ба­рысы сөз болды. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаевтың айтуынша, үстіміздегі жылы 4,5 млн. гектар алқапқа ауыл шаруашылығы да­қылдары егіледі. 3,2 млн. гектары дәнді дақылдарға, 960 мың гектары майлы дақылдарға бөлін­ген. Сондай-ақ жемшөп – 353 мың, картоп – 34,1 мың, көкөністер 6,2 …

Дала жұмыстары қарқын алды Read More »

ЫМЫРАСЫЗ КҮРЕС

Жемқорлық мемлекетіміздің дамуына тұсап салып, кедергі келтірері жасырын емес. Бабаларымыз “тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ”, – деп бекер айтпаған. Оған әділдік пен турашылдықты өмірлік мақсат еткен от ауызды, орақ тілді Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің шешендік мұралары дәлел. Қазіргі ел саясатында берік ұстанатын басты бағыттардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес. …

ЫМЫРАСЫЗ КҮРЕС Read More »