«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ЭКСПОРТҚА ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚ КЕДЕРГІ

Өмір Есқали

 u_shalabaeva@mail.ru

Облыстық әкімдікте өңірлік сараптамалық кеңестің отырысы өтті. Өңірдің экспорттық әлеуетін дамыту жайы талқыланған жиынға облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев төрағалық етіп, оған Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, “QazTrade” сауда саясатын дамыту орталығы”, “KazakhExport” сараптамалық сақтандыру компаниясы” АҚ-ның, экспорттаушы кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының маңызды міндеті – дайын өнімді әлемдік нарыққа шығару. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп саласының алдына зор міндеттер қойып отыр. Мәселен, біздің өңірдің агроөнеркәсіптегі әлеуеті жоғары. Көп жылдан бері облыс сыртқы нарыққа бидай мен ұн экспорттайды. Ал соңғы кездері ет пен макарон өнімдеріне сұраныс артқан. Өткен жылдың қорытындысы бойынша экспорт көлемі 472,1 млн. АҚШ долларын құраған екен. Жалпы көлемнің 35 пайызы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Қазіргі таңда өңірдің 80-ге жуық кәсіпорны өнімдерін шетелге экспорттайды.

– “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағы шеңберінде экспортқа бағдарланған кәсіпорындар белсенді дамып, өз жобаларын іске асыруда. Трансформаторлық жабдықтар өндірісі іске қосылды. Экспорт көлемі 98 пайызды құрайды. Экспорт шығынын өтеуде қиындықтар бар. Өнімді экспорттау мен өткізуде қағазбастылық көп. Ұн тартатын кәсіпорындардың мәселесі шешілмей келеді. Нарық импорттық өнімдерге толы, – деді облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев.

Кеңес барысында “QazTrade”, “KazakhExport”, “Qazindustry” сынды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары таныстырылып, бірқатар түйткілді мәселелер қаралды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp