«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Еліміздің үздік тауары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық кәсіпкерлер па­ла­­та­сы “Қазақстанның үздік тауары” және “Алтын сапа” байқауларына қатысушылар­дың өтінімін қабылдауды бастады.

“Қазақстанның үздік тауары” кө­рме-байқауы мен “Алтын сапа” сый­лығына шағын кәсіпкерлер де, ірі кә­сіпорындар да үміткер бола алады. Оған қатысқы­сы келетіндер үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін өтініш беріп үлгерулері тиіс.

“Қазақстанның үздік тауары” бай­қауының негізгі мақсаты – Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсе­кеге қабілетті өнімдермен қамтама­сыз ету және отандық тауарөндіру­шілерді қолдау.

Өтініш білдіргендер өңір­лік кезеңде іріктеліп, әр аталым бойынша жеңімпаздар “Қазақ­стан­ның үздік тауары” көрме-байқауының республикалық кезеңіне жолда­ма алады. Байқау үш аталым – “Өн­дірістік мақсаттағы үздік тауарлар”, “Халық үшін үздік тауарлар”, “Үздік азық-түлік тауарлары” бойынша өт­кізіледі.

Қазақстан Республикасы Прези­дентінің “Алтын сапа” сыйлығы жыл сайын сапалы өнімдер шығарып, қыз­мет көрсеткен, қауіпсіздікті қамтама­сыз етіп, елеулі нәтижелерге қол жет­кізген, басқарудың тиімді әдістерін ен­гізген мекемелерге конкурстық не­гізде беріледі.

Бұл сыйлықты алуға Қазақстан Республикасының аумағында тауар­лар өндірумен, қызметтер көрсету­мен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруден басқа) айналысатын кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үміт­кер бола алады. Мемлекеттің қа­тысу үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдар бұл байқауға қатыса ал­майды. Байқауларға қатысу – тегін.

Конкурсқа шағын, орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері жоғарыда аталған үш аталымның біріне қатыса алады. Жеңімпаздар эмблема және лауреат дипломдарынан басқа, 450 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай сыйақы алады.

Былтыр “Қазақстанның үздік тауары” көрме-байқауының республи­калық кезеңінде “Зенченко және компания” командиттік серіктестігі “Үздік азық-түлік тауарлары” аталы­мы бойынша жеңімпаз атанған еді.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp