«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Медициналық көмектен бас тарта алмайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазіргі таңда әлеуметтік желілер­де және бұқаралық ақпарат құрал­дарында медициналық сақтандыру қоры көрсетілген медициналық қыз­меттер үшін төлем жасамайтындығы туралы ақпарат таралуда. Бұл мә­лімдемелер шындыққа жанаспайды. Қор төлемдердің барлығын жасалған шарттар сомасы шегінде толық кө­лемде жүзеге асырады.

Медициналық ұйымдар мен олар­дың бірлесіп орындаушылары шарт талаптарына сәйкес келмейтін тө­лем­ді талап етеді. Сол себепті төлем­ге ұсынылған сома шартта көзделген айлық көлемнен айтарлықтай асып түседі. Ал қор бюджетте көр­сетілген мөлшерден артық соманы төлей алмайды.

Осы тұрғыда жасалған шарттар бо­йынша сомалардың асып кету фак­тісі медициналық ұйымдардың және олардың бірлесіп орындаушы­лары­ның шығыстарын зерделеуге, сон­дай-ақ көрсетілген медициналық қыз­меттердің негізділігі, шынайылығы, толықтығы мен сапасы тұрғысынан жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіз болып саналады.

Мұндай тексерулер медициналық ұйымдар тарапынан қосып жазу фак­тілері мен басқа да заң бұзушы­лықтар са­нының артуы жағдайында ғана жүр­гізілуі тиіс. Осыған байла­нысты шарт­тан өзге көрсетілген медициналық қыз­­меттерге ақы төлеу туралы шешім жоспардан тыс мо­ниторинг нәтиже­лері бойынша қа­был­данатын бо­лады.

Төлемді төлеу және жоспардан тыс мониторинг жүргізуді бастау мә­се­лесін қарау үшін медициналық ұйымдар мониторинг жүргізу қағида­ларының 50-тармағына сәйкес қорға жүгінуі қажет.

Сонымен қатар егер қордың ме­ди­циналық қызметтерді төлеуді ке­шіктіруі себебінен медициналық кө­мек көрсетуден бас тартылса, ресми байланыс арнасы “Qoldau 24/7” мо­бильді қосымшасы немесе “fms.kz” ресми сайты арқылы көмекке жүгінуге болады. Медициналық ұйымдардың шарттық міндеттемелер шеңберінде халыққа медициналық көмек көрсе­туден бас тартуға құқығы жоқ.

Қарлығаш ІЛИЯСОВА,

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp