«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Оқушының өлі денесі қазаншұңқырдан табылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жамбыл ауданында үйден шығып кеткен 8-сынып оқушысының денесі табылды. 19 мамыр күні аудан­дық полиция бөліміне Жаңажол ауылының тұрғынынан 14 жастағы жиенінің таңертең үйден белгісіз ба­ғытта кетіп қалғаны туралы хабар­лама түскен.

Полиция бөлімінің қызметкер­ле­рі құқық қорғау органдары маман­да­­рынан, педагогтар мен жергілікті тұр­ғындардан құралған іздеу топ­тарын ұйымдастырды. “Іздестіру іс-шаралары ауыл маңында автокө­лік­пен және атпен жүргізілді. 20 мамыр күні таңертең жоғалған қыздың денесі Жа­ңажол ауылынан 1,5 шақырым жер­дегі қазаншұңқырдан табылды”, – делінген облыстық полиция депар­таменті таратқан хабарламада.

Аталған факті Қазақстан Респуб­ликасы Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізі­ліміне тіркелді.

Департамент мамандары жас­өс­пірімнің өлімінің нақты себебі сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталатынын айтты. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Қорытындысы бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабыл­данады.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp