«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жеңімпаздар – ұлттық құрамада

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда VI республикалық жазғы спартакиада аясын­дағы бокс турнирі мәресіне жет­ті. Бұрымдылар 12 салмақ дәре­жесі бойынша өзара мықтыны анықтады.

“Жеңіс” балалар мен жасөпі­рімдерге арналған олимпиадалық резервтегі спорт мектебінде елі­міз­дің үздік боксшы қыздары қолғап түйіс­тірді. Ақтық сынға шыққандар Азия ойындарының жолдамасын сарапқа салды.

– Спартакиадаға еліміздің 19 өңі­­рі­нен 100-ге тарта боксшы қатысты. Әрқайсысының мақсаты – ұлттық құрама сапына өту. Жеңім­паз­дар анықталды. Енді олар қыркүйектің 28-і мен қазанның 8-і ара­лығында Қытайда өтетін Азия ойын­дарына қатысады, – деді әйел­дер боксынан ұлттық құрама­ның бас бапкері Шамиль Сафиул­лин.

Жарыста негізінен Алматы мен Астана қалаларының боксшылары басымдық танытты. Мәселен, алма­тылықтар Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай (50 кг) және Жа­зира Орақбаева (52 кг) өз сал­мақтарында жеңіс тұғырына көте­рілді. Ал елордалықтар қатарынан Римма Волосенко (60 кг), Аида Әбі­кеева (63,5 кг), Валентина Хальзо­ва (75 кг) мен Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) алтын медаль тағынды. Шым­кенттік боксшылар арасынан Жайна Шекербекова (54 кг) мен Мә­дина Нұршаева (70 кг) жеңімпаз атанды. Ақмола облысының намы­сын қорғаған Карина Ибрагимова (57 кг), қызылордалық Гүлсая Ер­жан (81 кг) алтыннан алқа тағынды. Солтүстік Қазақстан облысының аты­нан жұдырықтасқан Наталья Бог­данова да (66 кг) қарсыластарының алдын орап, жеңімпаз атанды.

Рәна ҚАНАТ,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың 3-курс студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp