«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Көшпенділер өркениеті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мәдениет және спорт министрлігінің, аудан әкімдігінің, “Көкшетау” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің және “Ботай” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің қолдауымен Никольское ауылы жанында белгілі тарихшы, ғалым, археолог Виктор Зайбертті еске алуға арналған “Ботай пырағы – 2023” ашық фестивалі ұйымдастырылды.

Иман-Бұрлық өзенінің оң жаға­лауында орналасқан Ботай энео­литтік қонысына 1980 жылдан бері қазба жұмыстары жүргізіліп, осы аралықта көптеген құнды арте­фактілер табылды. Бұл аумақта ежелгі адамдар жылқыны алғаш рет қолға үйреткені әлем бойынша мойындалды. Археологтар 15 мың шаршы метрден астам жерді ар­шып, 100-ден астам тұрғын үй зерт­телді, 200 мыңнан астам жәдігер мен ежелгі жануарлардың ондаған мың сүйектері табылды.

Республикалық деңгейде өткен фестивальға Айыртау ауданының, Көкшетау, Астана, Қостанай, Пет­ропавл қалаларының тұрғындары, археологтар, экскурсия жүргізуші­лер, жоға­ры оқу орындары тарих факуль­теттерінің оқытушылары, студент­тер, оқушылар, шетелдік ту­ристер қатысып, театрландырылған қойы­лымды тамашалады. Қо­нақтарға жылқыны қолға үйрету тәсілдері, ежелгі адамдар жылқы­ның терісін қалай өңдегені, тас дискілерді жасағаны, қазақтың ұлт­тық сусыны – қымыз дайын­даумен айналысқанын, тастардан және ежелгі технологиялар бойынша керамикалық ыдыстарды жасау шеберлік сыныптарын көрсетті. Іс-шара атпен серуендеуге, найза лақтыру, садақ ату сайыстарына, концерттік бағдарламаға ұласты.

– 15 гектар аумақты алып жат­қан археологиялық қалашық дүние­жүзі ғалымдарының назарын ауда­рып отыр. Осыдан алты мың жыл бұрын өмір сүрген бабалары­мыздың тұрмыс салты әркімді қызықтырары сөзсіз, – дейді “Ботай” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің директоры Қуаныш Шақ­шақов.

Ирина БУРКОВСКАЯ.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp