«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Мамыр 24, 2023

Оңтайлы шешім

Қоғамда қызу талқыға түсіп отыр­ған өзекті мәселелердің бірі – ауыл мектебінің жағдайы. Облыстағы мектептердің басым көпшілігі ауыл­дық жерде орналасқан, яғни шағын жинақты білім ошақтарына жатады. Олардың саны – 352, жалпы орта білім беретін мектептердің 77,5 пайызын құрайды. Осыдан кейін ауыл мен қала мектептерінің білім сапасында алшақтық орын алма­ған­да қайтеді. Менің ойымша, түйткілді мәселені оңтайлы шешудің …

Оңтайлы шешім Read More »

АУЫЛҒА БАРҒАНҒА ҚОЛДАУ ЗОР

Мен – “Серпін” және “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасына қатысып, игілігін көріп отырған жас маманмын. Өзім Қызылорда облысының тумасымын. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің тарих факультетін тамамдағаннан кейін “Парасат” мектеп-лицейіне жұмысқа орналастым. Зайыбым Дина да осында әлеуметтік педагог болып қызмет етеді. Жағдайымыз жақсы, еңбекке деген құлшынысымыз жоғары. Бағ­дарлама бойынша қайтарымсыз жәрдемақы қолымызға тиіп, екі бөлмелі …

АУЫЛҒА БАРҒАНҒА ҚОЛДАУ ЗОР Read More »

“Біріңді – қазақ, бірің – дос…”

Өткен ғасыр басындағы саяси тұлғаларды біріне бірін қарсы қою әрекеттерін доғару керек. Сәкен Сей­фуллин бастаған азаматтар­дың басты мақсаты Алаш ұста­ным­дарын кеңес жүйесі кезінде іске асы­ру болды. Абайдың: “Бі­ріңді – қазақ, бірің – дос, Көрмесең істің бәрі бос” дегенін естен шы­ғар­майық. Жоғарыдағы тексіз қасиет­тер­ді бүкіл ұлтқа телу – отар­лау сая­саты мен кеңес кезінде рухы мықты елді …

“Біріңді – қазақ, бірің – дос…” Read More »

“Сөздерінде жалын бар…”

Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында Алаш арысы Мағжан Жұмабаевтың мерейтойына орай оқушылар айтысы өтті. Жас дарындардың жыр бәйгесіне өңірдің үш ауданы мен облыс орталығының білім ордаларынан 12 оқушы қатысты. Жыр додасын Ерік Асқаров атындағы облыстық ақындар мектебі ұйымдастырды. Сөз сайысын жүргізген айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағы облыстық филиалының же­тек­шісі Жарқын Жұпархан соңғы жылдары өңірде жас …

“Сөздерінде жалын бар…” Read More »

Алғашқы жеңіс

Солтүстікқазақстандық теннисші Тимофей Скатов Франция­дағы “Ролан Гаррос” турнирінің іріктеу кезеңінде алғашқы кездесуін өткізіп, жеңіске жетті. Жерлесіміз бірінші ойынды кана­далық теннисші Габриэль Диаллоға қарсы өткізді. Ол екі сетте 6:4 және 7:6 есебімен басым түсті. Матч 1 сағат 52 минутқа созылды. Кездесу барысын­да Тимофей Скатов бірде-бір эйс жа­саған жоқ. Жерлесіміз осымен мансабындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. 22 …

Алғашқы жеңіс Read More »

Мас күйде рөлге отырған

Облыс полицейлері өткен апта ішінде “Мас жүргізуші” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Алты күн ішінде облыс аумағын­да мас күйінде автокөлік жүргізген 32 адам ұсталды. Мұндай сапарлардың әрқай­сысы апатпен аяқталуы мүмкін еді. Іс-шаралар барысында жылдам­дық­ты асырудың 156, ал маневр жа­сау ережелерін бұзудың 88 фактісі анық­талды. Сонымен қатар көлік жүр­гізу кезінде телефонмен сөйлескен 170 адам ұсталып, олардың барлығы …

Мас күйде рөлге отырған Read More »

Жайдары жаздың қызығы

Биыл өңірімізде 20175 баланы жазғы сауықтыру лагерімен тегін қамту жоспарланып отыр. Осы мақсатқа бюджеттен 92,5 млн теңге бөлінді. Облыстық білім басқармасы­ның мәліметінше, бюджет есебінен са­уық­тыру лагеріне әлеуметтік жа­ғы­нан аз қамтылған отбасылардан шық­қан 10816, ерекше білім беру қа­жеттіліктері бар 771, әртүрлі салада же­тістікке жеткен 7074, девиантты мі­нез-құлқы бар 1514 оқушы бар­мақ. Бұдан басқа республикалық бюджеттен балалардың …

Жайдары жаздың қызығы Read More »

ШЫҒАРМАШЫЛ ӘКІМ

“Жылдың үздік әкімі” атты рес­публикалық энциклопедиялық бай­қауына қатысқан Новоишим ауыл­дық округінің әкімі Әділжан Букпин жеңімпаз атанып, “Білім өркениеті” ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының бірінші дәрежелі дипломымен марапатталды. Әділжан Мұратұлы айтулы до­да­да бағын сынап, өзі жетекшілік ететін округтің тыныс-тіршілігі ту­ралы эссе жазды. Энциклопедияны жинақтау жөніндегі ұйымдастыру алқасы оның жұмысын респуб­ли­калық энциклопедияға әбден лайық, елді мекендерде қолға …

ШЫҒАРМАШЫЛ ӘКІМ Read More »

Көшпенділер өркениеті

Мәдениет және спорт министрлігінің, аудан әкімдігінің, “Көкшетау” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің және “Ботай” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің қолдауымен Никольское ауылы жанында белгілі тарихшы, ғалым, археолог Виктор Зайбертті еске алуға арналған “Ботай пырағы – 2023” ашық фестивалі ұйымдастырылды. Иман-Бұрлық өзенінің оң жаға­лауында орналасқан Ботай энео­литтік қонысына 1980 жылдан бері қазба жұмыстары жүргізіліп, осы аралықта көптеген құнды …

Көшпенділер өркениеті Read More »

Жатақхана құрылысы жоспарланған мерзімнен кешігуі мүмкін

Спортқа дарынды балаларға мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледж тәрбиеленушілеріне арналған жатақхана құрылысы былтыр желтоқсан айында пай­далануға берілуі тиіс еді. Алайда оның салыну мерзімі жоспарланған кестеден қалып отыр. “AMANAT” партиясы облыстық фи­лиалы партиялық бақылау ко­мис­­сиясының мониторингтік тобы жа­тақхана құрылысын бақылауды қолға алған. Олар осыдан он күн бұрын нысанға барып, мәселенің мән-жайына қанықты. Құрылыс қар­қынының бәсеңдеуіне жұмысшы­лар­дың жетіспеушілігі …

Жатақхана құрылысы жоспарланған мерзімнен кешігуі мүмкін Read More »

Аңқау адамға алаяқ үйір

Ақпараттық технология дамып, телекомму­никация мен байланыс құралдары жаңарған сайын қылмыстық әре­кет­тердің де түр-түрі пайда болуда. Бүгінде қыл­мыс­тық құқық бұзушы­лықтардың ішінде интернет-алаяқтық көш бастап тұр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері облыс аумағында интернет-алаяқтықтың 259 фактісі тіркел­ген. Мұндай заңсыздыққа барғандар Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігіне сәйкес 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Егер ауыр санаттағы құқық бұзушылық …

Аңқау адамға алаяқ үйір Read More »

ҚАУЛАҒАН ҚАМЫС — ӨРТКЕ СЕБЕП

Облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңес отырысы кадрлық тағайындаудан басталды. Өңір басшысы Айдарбек Сапаров жиналғандарға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жаңа бастығы Әділет Мұстафинді таныстырды. Жиында қаралған алғашқы мәселе – өңірдің қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және жергілікті бюджеттің орындалуы. Бұл жөнінде облыстық экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов баяндама жасады. Оның айтуынша, кей аудандарда …

ҚАУЛАҒАН ҚАМЫС — ӨРТКЕ СЕБЕП Read More »

Жерге жауапсыз қарайтындар көп

Атакәсіпті нәсіп етіп, төрт түлік малдан табыс тауып отырған ауылдағы ағайынның жаз шыға жайылымдық жер таппай қиналатыны жасырын емес. Елді мекендердің айналасындағы жердің жекеменшікке өтіп, біразының дұрыс пайдаланылмай жатқаны қарапайым халықтың қолын байлауда. Мал азығының күн сайын қымбаттап бара жатқанын айтпағанда, төрт түліктің өрісінің тарылуынан кей ауылдардағы отар-отар қойдан бүгінде ондағаны ғана қалғанын осы салада …

Жерге жауапсыз қарайтындар көп Read More »

Ауыл жолы жөнделуде

“Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында Уәлиханов ауданындағы Бидайық ауылының жолдары жөнделуде. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 390 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінді. Уәлиханов аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Амангелді Қойшыбаевтың айтуынша, биыл ауданның 100 шақырым жолы ретке келтіріледі деп жоспарлануда. – Өндіріс, Жұмысшы, Мырзағұл ауылдарына апарар 35 …

Ауыл жолы жөнделуде Read More »

Жолаушылар екенбіз ғой мәңгілік

Ақын, журналист Болат Қожахметовтің есімі өңір жұртшылығына жақсы таныс. Осыған дейін өлеңсүйер қауымға “Аспандағы арғымақтар”, “Жыр борайды” сияқты бірнеше жыр жинағын ұсынып үлгерген қаламгердің жуырда тағы бір туындысы жарық көрді. Қаламгердің қаламынан туған өлеңдердің дені өмір, туған жер, Отан, адам бойындағы түрлі мінездер, адамгершілік тақырыптарын қаузайтыны белгілі. Ақын жаңа жинағына адамзат баласы өзі ойлап тауып, …

Жолаушылар екенбіз ғой мәңгілік Read More »

ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯДАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ

Облысымыздың 9 ауданында туляремияның табиғи ошағы орналасқан. Ал сібір жарасы дерті тарауы мүмкін қолайсыз 161 орын бар. Қауіпті аурулардың алдын алу үшін жылда өңірде жануарлар мен құстар жиі шалдығатын 10 дертке және 3 энзоотиялық ауруға қарсы екпе жүргізіледі. Биыл да бес миллионнан астам мал-құсқа қауіпті инфекцияларға қарсы вакцина егілмек. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аса қауіпті …

ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯДАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ Read More »

Білікті бухгалтерге сұраныс жоғары

Облыс орталығындағы жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде бухгалтерлік есеп мамандығы бо­йын­ша кадрлар даярлайды. Соңғы екі жылда түлектердің 82-87 пайызы жұмысқа орналасты. Еңбек нарығын­да түлектерімізге сұраныстың болуы – кәсіби оқу орнының табысты жұ­мысының айғағы. Ұжым түлектердің жұмысқа орна­ласуы арқылы кадр даяр­лау сапасын бағамдап оты­рады. Бүгінгі таңда білікті бухгалтерге сұраныс жоғары. Оның міндеті – ұйымның мүлкін сандық және со­ма­лық …

Білікті бухгалтерге сұраныс жоғары Read More »