«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Білікті бухгалтерге сұраныс жоғары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде бухгалтерлік есеп мамандығы бо­йын­ша кадрлар даярлайды. Соңғы екі жылда түлектердің 82-87 пайызы жұмысқа орналасты. Еңбек нарығын­да түлектерімізге сұраныстың болуы – кәсіби оқу орнының табысты жұ­мысының айғағы. Ұжым түлектердің жұмысқа орна­ласуы арқылы кадр даяр­лау сапасын бағамдап оты­рады.

Бүгінгі таңда білікті бухгалтерге сұраныс жоғары. Оның міндеті – ұйымның мүлкін сандық және со­ма­лық мәнде есепке алу. Сонымен қатар кәсіпорынның мүлкі мен мін­дет­темелерін қалыптастыру көзде­рін есепке алу, бухгалтерлік жазба­ларды жасау арқылы сауда ұйы­мында жасалатын барлық шаруашы­лық операцияларды тіркеу, еңбек ақысы­на жұмсалатын шығыстардың са­ны мен сапасын есепке алу, сағат, күн, ай және ақшалай көрініс, сауда ұйымын жедел басқаруға және бас­қаруға арналған шаруашылық қыз­мет­тің қаржылық нәтижелері туралы толық және дұрыс ақпарат жасау.

Бухгалтерлік есеп жүйесі бастап­қы есеп, бухгалтерлік есеп регистр­лері, құжаттар қозғалысы, түгендеу, есеп беру деген элементтерден тұ­рады. Ұйымдағы тауарлардың қозға­лысын құжаттамалық ресімдеу мен есепке алу заңнама ережелерін ес­кере отырып жасалған және ресім­делген бастапқы құжаттама негізінде жүргізіледі. Ұйымдағы тауарлар құн­дық мәнде ескеріледі және кәсіп­орынға шот-фактура, тауар жүкқұжа­ты, тауар-көлік жүкқұжаты, объекті­лер­ді қабылдау-беру актілері сынды ілеспе құжаттармен бірге келеді.

Бухгалтерлік есепті, сауда қыз­ме­тін талдау мен аудитті норматив­тік-құқықтық реттеудің мәні – нақты экономикалық ортада бухгалтерлік есеп, талдау және аудит жүйесінің өзіне тән функцияларды дәйекті, пай­далы, ұтымды және сәтті орындауы­на қолайлы жағдайлар жасау. Сауда қатынастарының бухгалтерлік есебі объектінің екі өлшемде – ақшалай және заттай түрінде көрсетілуіне негізделген. Бұл әдіс, ең алдымен, сенімді ақпараттың материалдық-өндірістік қорлар бағасының дина­микасынан тәуелсіздігі қағидат­тарына негізделген. Ақпаратты жал­пы­лаудың негізгі мақсаты синтети­калық шоттардағы бастапқы ақпа­рат­ты жүйелеуде көрінетін анали­тикалық есепке алу әдісі болып табылады. Толық ақпарат құндық көрсеткіштермен қатар табиғи өл­шемдерді қолдануға негізделген аналитикалық есеп арқылы ашыла­ды. Кез келген сауда ұйымы активтерінің негізгі түрі тауар болып табыла­ды. Ұйым қызметінің тиімділігі көбіне­се бухгалтерлік есептің сапалы жүргі­зілуіне байланысты. Тауар­лар­дың бухгалтерлік есебі аналити­калық және синтетикалық есепке алу арқылы да жүзеге асырылады. Та­уарларды есепке алудың аталған әдістерінің әрқайсында тауарлардың қозғалысын есепке алудың белгілі бір тәртібі мен реттілігі, әртүрлі ре­гистрлерді қолдану, көрсеткіштерді өзара салыстыру бар.

Сауда ұйымының қызметіне тал­дау жүргізу және қаржылық нәти­желерді зерттеу, жұмыс тиімділігінің жолдарын әзірлеу, ішкі аудит жүргізу және аудит нәтижелерін бағалау үлкен маңызға ие. Қаржылық талдау нәтижелері ерекше назар аударуды қажет ететін солқылдақ тұстарды анық­тауға және оларды жою жөнін­дегі іс-шараларды әзірлеуге мүмкін­дік береді.

Біз әр сабағымызды студенттер­ге жоғарыда айтылған бухгалтерлік есептің қыр-сырын үйретіп, теорияда алған білімдерін тәжірибеде қолдана алатын маман даярлап жатырмыз.

Гүлмира СҮЛЕЙМЕНОВА,

Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің бухгалтерлік есеп пәнінің оқытушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp