«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мас күйде рөлге отырған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс полицейлері өткен апта ішінде “Мас жүргізуші” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Алты күн ішінде облыс аумағын­да мас күйінде автокөлік жүргізген 32 адам ұсталды. Мұндай сапарлардың әрқай­сысы апатпен аяқталуы мүмкін еді.

Іс-шаралар барысында жылдам­дық­ты асырудың 156, ал маневр жа­сау ережелерін бұзудың 88 фактісі анық­талды. Сонымен қатар көлік жүр­гізу кезінде телефонмен сөйлескен 170 адам ұсталып, олардың барлығы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp