Облыс полицейлері өткен апта ішінде “Мас жүргізуші” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Алты күн ішінде облыс аумағында мас күйінде автокөлік жүргізген 32 адам ұсталды. Мұндай сапарлардың әрқайсысы апатпен аяқталуы мүмкін еді.
Іс-шаралар барысында жылдамдықты асырудың 156, ал маневр жасау ережелерін бұзудың 88 фактісі анықталды. Сонымен қатар көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлескен 170 адам ұсталып, олардың барлығы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.