«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әлти қажының самаурыны

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тарихи-өлкетану му­зейіндегі құнды жәдігерлердің бірі – Әлти қажының самаурыны. Оның бүгінге дейін қалай сақтал­ға­нын білу үшін есімдері өңір жұрт­шы­лығына таныс өлкетану­шылар, марқұм Социал Жұма­баев пен Қай­ролла Мұқановтың 2003 жылы шығарған “Бір әулеттің тари­хы” кітабындағы “Сәдуақас пен Сей­тахмет Көкенов­тер” деректі ма­қаласын оқып шық­қан жөн.

Өлкетанушылар Жамбыл ау­данындағы Амангелді ауылының 86 жастағы қариясы Бәри Төлеге­нов (азан шақырып қойған аты Ғаб­долбәри – С. Қ.) атамыздың ау­зы­нан жазып алған мәлімет бойы­н­ша, 1928 жылы Төңкеріс ауда­ны құры­лып, орталығы Майбалық бол­ған жылы Сәдуақас Әлтиұлы­ның дүние-малы түгел тәркілене­ді. Олардың біразы, қазіргі тілмен айтсақ, аукцион арқылы сауда­лан­ған. Сатылған бұйымдардың қа­та­рында самаурын да бар. Қа­рағаш аулынан Ораз деген кісі Әл­тидің жиырма литрлік самауры­нын осы аук­ционда сатып алады. Аукционда Әлтидің, одан кейін Сәдуақастың шаруа­шылы­ғында жұмыс істегендерге қымбат бұйымдар арзан бағада бе­рілген екен.

Осы самаурын қазір Қызыл­жар­дағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициялық за­лында тұр. Самаурын шүмегінің жо­­ғары жағында медальдардың суреті бейнеленген. Бұл оның са­палы әрі көрмелерге қойылаты­нын көрсетеді. Музей қорына оны Ораздың немересі Әушәріп 1991 жылы тапсырған.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp