«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ақпараттық қолдау орталығы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде “Ауыл аманаты” жобасы бойынша ақпараттық қолдау орталықтары ашылды. Бұл орталықтар табысын арттырғысы келетін ауыл тұрғындарына мал шаруашылығын дамыту, бау-бақша өсіру және шағын бизнес нысандарын ашу бойынша бағыт-бағдар береді. Сонымен қатар азаматтарға мемлекет ұсынып отырған жылдық 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру жайын түсіндіреді.

“AMANAT” партиясының өңірлік және аумақтық филиалдарында өткен “Ашық есік күні” ауыл тұрғындарына мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен бизнес-тренерлер түрлі мүмкіндіктер жайында айтты.

Қоғамдық қабылдау бөлмесі өкілдерінің айтуынша, жоба ауыл шаруашылығы саласын ғана емес, бизнестің кез келген бағытын қамтиды. Мысалы, ателье, шаштараз, шина жинақтау сынды қызмет көрсету саласы бойынша кәсіп ашуға болады. Бизнес-тренер Дмитрий Шледевиц тұрғындарға кәсіптің ауқымын кеңейту үшін кооперативтерге бірігіп, техниканы лизингке рәсімдеуге мүмкіндік бар екенін айтты. Сарапшының айтуынша, бұл мал басын көбейтуге, өнімді сатуға және біркелкі пайда алуға мүмкіндік береді.

– Кооператив техниканы 2,5 пайызбен лизингке ала алады. Мал, құс, жылыжай, көкөніс қоймаларын сатып алуға бірдей пайызбен несие беріледі. Қарыздың ең жоғары сомасы – 8,6 млн. теңге, мал шаруашылығы саласындағы кредиттеу мерзімі – 7 жылға дейін, қызметтің басқа бағыты үшін – 5 жыл. Ұтымды тұсы – төмендетілген пайыздық мөлшерлеме. Егер сіз мал шаруашылығымен айналысатын болсаңыз, онда қарызды несиелеудің жалпы мерзімінің 1/3 бөлігінен кейін төлей бастайсыз, – деді Дмитрий Шледевиц.

“Ауыл аманаты” – Үкімет пен “AMANAT” партиясының ауыл және қала тұрғындары арасындағы табыс алшақтығын азайтуға бағытталған бірлескен жобасы. Ол халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Азаматтар кеңес алу үшін “AMANAT” партиясының жергілікті филиалдарына жүгіне алады.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“AMANAT” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp