«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Мамыр 31, 2023

ҰЛТЫНЫҢ БІРТУАР ПЕРЗЕНТІ

Мағжан Жұмабаевтың жазбала­рында “Адам естелігінде кім болып қаламын, қашан мүлдем жоғала­мын?”, – деген сөз бар. Қиын тағдыр­ды бастан өткерген жанның сөзі. Та­лантты да, талапты жан өзінің шы­ғар­машылық құдіретіне сенімді еді, бірақ заманын билеген кеңестік жүйеге ақынның көзқарасы ұна­ма­ды. Сұрқия саясаттың салдарынан өзінің қазақ халқы үшін асқар тұлға болатынын білмей кетті. Араға жылдар салып ақынның есімін …

ҰЛТЫНЫҢ БІРТУАР ПЕРЗЕНТІ Read More »

Арыстардың есімдерін ақтау – парыз

ХХ ғасырда қазақ халқының жартысына жуығын қырып салған алапат ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін зобалаңы – әлі де толық зерттелмеген тақырып. Жалған жаланың құрбаны болған ардақтыларымыздың кейбірі әділ бағасын алған жоқ. Есімдерін ел есінде жаңғырту – бүгінгінің міндеті. Сондықтан 2020 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Маңызды міндетті арқалаған комиссияның атқарған жұмысы …

Арыстардың есімдерін ақтау – парыз Read More »

СӘБИ БАҚЫТЫ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

Қазақ – ежелден ұрпағының қауіпсіздігі мен саулығына үлкен мән берген халық. Өйткені бүгінгі ұл-қыз­дар – еліміздің ертеңі, қорғаны. Сон­дықтан өскелең ұрпақтың жағдайына қазірден мән берген дұрыс. Жаңа буын жас тал сияқты. Еркіңе көндіріп, қалауыңдағыдай етіп өсіруге бола­ды. Балалармен жұмыс істеудің бас­ты ерекшелігі осы. Олар қоғамның әлсіз тобына жататындықтан ерекше қорғауға, қолдауға мұқтаж. Ел тұр­ғын­дарының үштен …

СӘБИ БАҚЫТЫ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ Read More »

Ауырмай тұрып алдын ал

Облыста биылғы үш айда 1,5 мыңнан астам адамға арте­риялық гипертензия диагнозы қойылды. Сырқаттардың ара­сында жастар да бар. Дерттің асқынуына жол бермеуге болады. Облыстық кардиологиялық орта­лықтың бөлім меңгерушісі Марина Митенко алдын алу жолдары жайында айтып берді. Маманның айтуынша, артерия­лық гипертензия немесе жоғары қан қысымы өте қауіпті. Бұл дерт көп­теген органға – жүрекке, бүйрек­ке және ми қызметіне …

Ауырмай тұрып алдын ал Read More »

ПӘТЕР АЛУДЫҢ ТИІМДІ ТҰСТАРЫ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәсли­хатында “Отбасы банк” АҚ-ның облыстық филиалының маман­дары мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жайын баяндады. Әсіресе банк жұмысындағы соңғы жаңалықтар жайлы айтты. Банк филиалының бизнесті да­мыту бөлімінің маманы Нияз Нияз­беков мемлекеттік бағдарлама бо­йынша тұрғын үйге қол жеткізудің тағы бір мүмкіндігі бар екенін тілге тиек етті. Банк Петропавл қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, “Жас …

ПӘТЕР АЛУДЫҢ ТИІМДІ ТҰСТАРЫ Read More »

АЗАТТЫҚ ЖОЛЫНДА ҚҰРБАН БОЛҒАНДАР

Облыс орталығында Солтүстік Қа­зақстан мемлекеттік архиві мен Қазақстан Республикасы Прези­дентінің архиві бірлесе отырып, сая­си қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай “Қызылжар өңірінің Алаш қайраткер­лері” атты жылжымалы фотоқұжат­тық көрме ұйымдастырды. Оған келушілердің қатары қалың болды. Әр жылдары қазақтың азаттығы үшін жандарын шүберекке түйе жү­ріп қызмет еткен ардақтылардың бір шоғыры қасиетті Қызылжар жерінде дүниеге келген. …

АЗАТТЫҚ ЖОЛЫНДА ҚҰРБАН БОЛҒАНДАР Read More »

Мағжан – ағартушы

Мағжан Жұмабаев жайлы тағы бір құнды дүние жарық көрді. Бұл жолы Мағжанның ақындық дара­лы­ғы емес, педагогикалық тағылы­мы бір кітапқа арқау болды. Педа­гогика ғылымының кандидаты, профессор Сабыр Сеңкібаевтың “Қа­зақ педагогикасы және Мағжан Жұмабаев” оқулығы ұлттық педа­гогиканың қалыптасуына, қазақ хал­қының ұлы ақыны, ағартушы-тә­лімгер, ұстаз Мағжан Жұмабаев­тың педагогикалық ілімдеріне ар­налған. Мағжан Жұмабаевтай жалған жаланың құрбаны болған ағарту­шы­лардың педагогикалық …

Мағжан – ағартушы Read More »

Кемелер әлеміне саяхат

Облыстық бейнелеу өнері му­зейінде Юрий Романовтың “Бегущий по волнам” кеме модельде­рінің көрмесі ашылды. Көрмеде ұсынылған 18 модельді кемелердің авторы Юрий Владимирович мек­теп жасынан бастап жас техниктер станциясында оқыған. Кемелерді модельдеуге деген қызығу­шылығын оятқан мұғалімі Юрий Пашковты құрметпен еске алады. Бір кездегі балалық қызығушылығы бүгін сүйікті ісіне айналған. – Кеме модельдерін жасау – өте ежелгі өнер. …

Кемелер әлеміне саяхат Read More »

Автобуста тегін жүреді

Петропавлда Халықаралық ба­лаларды қорғау күніне орай 1 мау­сым күні 18 жасқа дейінгі өрендер қо­ғам­дық көлікте тегін жүреді. Бұл жа­йында Петропавл қалалық әкімдігінің ма­ман­да­ры айтты. Жалпы бұл күні балаларға арнал­ған ауқымды мерекелік бағдарлама жоспарланған. Іс-шаралар легі сағат 13:00-де басталады. Мәселен, ор­талық алаңда “Балғын балалар – біз­дің болашағымыз!” атты концерт­тік бағдарлама, шахматтық турнир, “Sum­mer dance” атты қала …

Автобуста тегін жүреді Read More »

Түрмеге тоғытылды

Мамыр айында облыс поли­цейлері ішкі істер органдарында есепте тұрған төрт мыңға жуық адамды тексерді. Жұмыс “Есепте тұрған” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілді. Бас бостандығынан айыру орын­дары­нан шартты түрде мерзімінен бұ­рын босатылған адамдарды, сондай-ақ бұрын сотталғандарды тексеру ар­қылы қай­таланатын қылмыстың ал­дын алуға баса назар аударылды. Мы­салы, ресми түрде әкімшілік қадаға­лауға жататын адам­дарға қатысты 774 тексеру жүргі­зілді. …

Түрмеге тоғытылды Read More »

Күміспен күптелді

Алматыда панкратионнан ел біріншілігі өтті. Республикалық жарыста солтүстікқазақстандық спортшы күміс жүлдегер атанды. Аралас жекпе-жектің бір түрі саналатын панкратионнан ел бі­рін­шілігінде “Сұңқар” клу­бының мүшесі Манарбек Шай­хенов өнер көрсетті. Жерле­сіміз 100 ки­лограм­нан жоғары сал­мақта сынға түсті. Солтүс­тік­қазақстандық спорт­шы фи­налда же­ңіліп, күміс медальді енші­леді. – Манарбек бұл жарыста барын салды. Бұған дейін ол Уфада өткен әлем чемпиона­тында жеңіске …

Күміспен күптелді Read More »

Есірткі сатқан әйел

Петропавл қаласының 30 жаста­ғы тұрғыны есірткі саудалағаны үшін сотталды. Сот оған 10 жыл 5 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Полицейлер есірткі жа­сырушы әйелді өткен жылдың күзін­де ұстаған болатын. Кейін оның пәте­рінен 1 килограмм 113 грамм “α-PvP” немесе “тұз” деп аталатын қауіпті есірткі тәр­кіленді. Бұл затты оның Астана қа­ласынан әкелгені анықталды. Қазір ол бас …

Есірткі сатқан әйел Read More »

Жеткенше діңкең құриды

Ауыл – қазақ баласының қара­ша­ңырағы. Ұлтымыздың қай мық­ты­­сының болсын ауылдан түлеп-ұшқаны мәлім. Қай көрнекті тұлғаның өмірбаянына үңілмеңіз, түбі ауылға барып тіреледі. Небір даңқты тұлғаларға алтын бе­сік болған ауылдардың құмға сің­ген судай жоғалып бара жатқа­ны жа­нымды ауыртады. Қараша­ңы­рақ­тан көшкен жандардың кең даланы ұмыт­пай, әлі де болсын шалғайда­ғы елді мекендерге ат басын бұрып тұ­­ратыны – көңілге медет. …

Жеткенше діңкең құриды Read More »

Ақпараттық қолдау орталығы

Өңірде “Ауыл аманаты” жобасы бойынша ақпараттық қолдау орталықтары ашылды. Бұл орталықтар табысын арттырғысы келетін ауыл тұрғындарына мал шаруашылығын дамыту, бау-бақша өсіру және шағын бизнес нысандарын ашу бойынша бағыт-бағдар береді. Сонымен қатар азаматтарға мемлекет ұсынып отырған жылдық 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру жайын түсіндіреді. “AMANAT” партиясының өңірлік және аумақтық филиалдарында өткен “Ашық есік күні” ауыл тұрғындарына …

Ақпараттық қолдау орталығы Read More »

СЫН САҒАТТАН СҮРІНБЕЙ ӨТ, ЖАС ТҮЛЕК!

Биыл елімізде жеті жүзге жуық білім беру мекемесі оқу жылын аяқтады. Онда 100 мыңнан астам тәрбиеленуші, оқушы және студент білім нәрімен сусындады. Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен мектептердегі оқу жылы 31 мамырға дейін созылды. Одан әрі белгіленген тәртіп бойынша түрлі шаралар ұйымдастырылады. Сабақтар аяқталған соң, жылдың қорытындысы ретінде сынып сағаттары өтеді. Ондағы көтерілетін негізгі тақырыптар – оқу …

СЫН САҒАТТАН СҮРІНБЕЙ ӨТ, ЖАС ТҮЛЕК! Read More »