«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Күміспен күптелді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алматыда панкратионнан ел біріншілігі өтті. Республикалық жарыста солтүстікқазақстандық спортшы күміс жүлдегер атанды.

Аралас жекпе-жектің бір түрі саналатын панкратионнан ел бі­рін­шілігінде “Сұңқар” клу­бының мүшесі Манарбек Шай­хенов өнер көрсетті. Жерле­сіміз 100 ки­лограм­нан жоғары сал­мақта сынға түсті. Солтүс­тік­қазақстандық спорт­шы фи­налда же­ңіліп, күміс медальді енші­леді.

– Манарбек бұл жарыста барын салды. Бұған дейін ол Уфада өткен әлем чемпиона­тында жеңіске жеткен еді. Ал­дағы уақытта халық­аралық жарыстарда топ жара­тынына сенемін, – дейді бап­кері Нұрқанат Шаримов.

Панкратионнан ел чемпио­натына республикамыздың түкпір-түкпірінен 300-ден астам спортшы қатысты.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp