«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПӘТЕР АЛУДЫҢ ТИІМДІ ТҰСТАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәсли­хатында “Отбасы банк” АҚ-ның облыстық филиалының маман­дары мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жайын баяндады. Әсіресе банк жұмысындағы соңғы жаңалықтар жайлы айтты.

Банк филиалының бизнесті да­мыту бөлімінің маманы Нияз Нияз­беков мемлекеттік бағдарлама бо­йынша тұрғын үйге қол жеткізудің тағы бір мүмкіндігі бар екенін тілге тиек етті. Банк Петропавл қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, “Жас өркен” шағынауданындағы 202 пә­терлік көпқабатты тұрғын үйге бай­қау жариялады. Оның басты шарты – “Отбасы банкінің” салымшысы болу және қалалық әкімдікте үй кезегінде тұру.

“Нұрлы жер” бағдарламасының басты талаптары − бастапқы жарна үшін банкте пәтер құнының 20 пайы­зын жинап, салымшы ретіндегі баға­лау көрсеткіштерінің жоғары болуы. Мемлекеттік бағдарлама пәтерлері нарықтағы тұрғын үйлерге қарағанда анағұрлым арзан. Мәсе­лен, шаршы метрін 160 мың теңге­ден есептеген кезде бір бөлмелі пә­тердің құны − 5,5 млн. теңге. Оған қа­жет бастапқы жарна көлемі − 1 млн. 100 мың теңге. Ең бастысы, байқау өткізген кезде жоғары ұпай жинау. Ол − депозиттің жылдық көрсеткішіне, толықтыру қаржысын уақтылы әрі тиісті мөл­шерде салып отыруына байла­нысты.

Қазір “Жас өркен” шағынауда­нындағы 202 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй байқауына өтініш қабыл­данып жатыр. Ол 14 маусымға дейін жал­ғасады.

Банк маманы Эльмира Баймухамбетова қаржы орталы­ғы 15 мамырдан бастап аралық қарыздың дифференциалды мөл­шер­лемесін төмендеткені туралы баян­дады. Бұрын банк несиесіндегі жылдық мөлшерлеме 7 мен 11 пайыз аралығында болса, бүгінде ол 6-10 пайыз аралығында есеп­теледі. Аралық қарыздың сыйақы мөлшерлемесі салымшының депо­зитті жылдап жинауына, оны ұдайы толтырып отыру тәртібіне байла­нысты. Қорытынды жасау үшін банк бағалау көрсеткішіне (БК) назар ау­дарады. Ол жоғары болған сайын, банктен алатын несиенің мөлшер­лемесі де төмендей түседі. Егер “Отбасы банкінің” қаржылай қол­дауы­на жүгінген адам оған бірден тұрғын үй соммасының 50 па­йызын салса, несиені 11,5 пайызбен ресімдейді.

Қазақстанда аралық несиені пай­даланатындар көп. Ел бойынша был­тыр “Отбасы банкі” арқылы 79872 несие берілсе, соның 68 пайызы аралық несие алушылар екен.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp