Петропавл қаласының 30 жастағы тұрғыны есірткі саудалағаны үшін сотталды. Сот оған 10 жыл 5 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Полицейлер есірткі жасырушы әйелді өткен жылдың күзінде ұстаған болатын. Кейін оның пәтерінен 1 килограмм 113 грамм “α-PvP” немесе “тұз” деп аталатын қауіпті есірткі тәркіленді. Бұл затты оның Астана қаласынан әкелгені анықталды. Қазір ол бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр. Жыл басынан облыста соттар есірткі саудалаушыларға қатысты 10 үкім шығарды. Облыс полицейлері қаңтар айынан бастап заңсыз айналымнан 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіледі.
Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.