Алматыда панкратионнан ел біріншілігі өтті. Республикалық жарыста солтүстікқазақстандық спортшы күміс жүлдегер атанды.
Аралас жекпе-жектің бір түрі саналатын панкратионнан ел біріншілігінде “Сұңқар” клубының мүшесі Манарбек Шайхенов өнер көрсетті. Жерлесіміз 100 килограмнан жоғары салмақта сынға түсті. Солтүстікқазақстандық спортшы финалда жеңіліп, күміс медальді еншіледі.
– Манарбек бұл жарыста барын салды. Бұған дейін ол Уфада өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен еді. Алдағы уақытта халықаралық жарыстарда топ жаратынына сенемін, – дейді бапкері Нұрқанат Шаримов.
Панкратионнан ел чемпионатына республикамыздың түкпір-түкпірінен 300-ден астам спортшы қатысты.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.