Түрмеге тоғытылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамыр айында облыс поли­цейлері ішкі істер органдарында есепте тұрған төрт мыңға жуық адамды тексерді. Жұмыс “Есепте тұрған” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілді.

Бас бостандығынан айыру орын­дары­нан шартты түрде мерзімінен бұ­рын босатылған адамдарды, сондай-ақ бұрын сотталғандарды тексеру ар­қылы қай­таланатын қылмыстың ал­дын алуға баса назар аударылды. Мы­салы, ресми түрде әкімшілік қадаға­лауға жататын адам­дарға қатысты 774 тексеру жүргі­зілді. Бұл – ауыр қыл­мыстар үшін жаза­сын өтегендер. Сот шешімімен 15 адам әкімшілік қа­дағалау санатына ауыс­тырылды. Сон­дай-ақ шартты түр­де мерзімінен бұрын босатылған адам­дар тарапы­нан 23 заң бұзушылық анық­талды, олардың екеуі бас бостанды­ғынан айыру орындарына қайтарылды.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp